Архив событий

18/04/2016

Алматы облысында полиция аға лейтенанты пара алғаны үшін сотталды

18/04/2016

Іле аудандық соты Іле аймағы ауданаралық басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен сомасы 70 000 теңге пара алған үшін ұсталған Іле ауданы ІІБ-ның  тергеушісін айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Істі қарау барысында анықталғандай,  тергеуші өз қызмет бабын пайдалана отырып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқан тұлғадан  оның функционалдық міндеттеріне кіретін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы  қолхат жазасын тағайындау үшін   ақша түрінде пара алған.         

Балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынды

18/04/2016

Райымбек ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘБҚтК-тің 434-бабы, 1-бөлігі  (қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық) бойынша Райымбек ауданының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік іс материалдары бойынша анықталғандай, 2016 жылғы 27 наурызында Ж. азаматтың  үйнің ауласында құқық бұзушы оны балағаттап, себепсіз тіл тигізген.

Алматы облысында Наурызды тойлау

18/04/2016

Алматы облыстық соты  прокуратурамен және Алматы облысының мемлекеттік кіріс департаментімен бірге Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шара өткізді. «Жетісу» стадионында ауыл ұйымдастырылып, сахна  орнатылды.