Архив событий

25/04/2016

«Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбына дөңгелек үстел

25/04/2016
Қапшағай қалалық сотында прокуратура өкілдерінің, Қапшағай қалалық құқық қорғау органдарының өкілеттері және З.Әбілқасымұлы «Нұрлы Өлке» газеті  тілшісінің қатысуымен «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Тараптардың өзара келісімі негізінде қылмыстық іс қысқартылды

25/04/2016

        Кербұлақ № 2 аудандық сотында тараптардың өзара келісімі негізінде қылмыстық іс қысқартылды.

        Осылайша, М.Оспанғазиев ағашты кесуге рұқсат құжаттарыжоқ бола тұра,  Алтынемель ауылдық округының балансында тұрған Алтынемель ауылындағы биіктігі 2 метр 20 см болатын 3 ағашты кесіп алған. Осы іс әрекетінің салдарынан  731 тенге 74 тиын зиян келтірген

Түзеу колониясына қайтарылды

25/04/2016

Ақсу аудандық сотына  Т.Татаровқа қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босату жазасының күшін жою туралы Ақсу аудандық АІІБ-нің бастығынан ұсыныс түсті.  

Ақсу аудандық АІІБ-нің бастығы өз ұсынысында Т.Таратов өзінің қатесін толығымен ұғынбай, бірнеше рет қоғамдық тәртіпті бұзып, әкімшілік құқықбұзушылық жасады. Өзінің жаман қылықтарын көрсетіп, әлі түзелу жолына келмеген. Мерзімінен бұрын шартты түрде босату жазасын өтеу уақытынан бастап үш рет әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылды, сонымен қатар Ақсу ауданыдық АІІБ-нің бөлімге тізімделуіне келмеген,-деп көрсетті.

Талдықорған МАӘС ашық есік күнін өткізеді

25/04/2016

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттау мақсатында Алматы облысының Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2016 жылдың 27 сәуір күні сағат 10.00 - ден сағат 17.00 - дейін Ашық есік күнін өткізеді.

Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Н.Карабаев өткізеді.

Салық заңнамасын тәжірибеде қолдану бойынша туындайтын мәселелерді талқылау

25/04/2016

Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Салық заңнамасын тәжірибеде қолдану бойынша туындайтын мәселелерді талқылау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

           Шараға мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот төрағасы К.С.Альжиков, облыс прокурорының көмекшісі А.Уйсимбеков, Алматы облыстық Әділет басқармасының МКД бөлімінің бас маманы Г.Назирова және В.Павленко, «Алатау» газетінің бас редакторы А.Булғаков және «Жетысу» телеарнасының корреспонденттері қатысты.