Архив событий

06/04/2016

Панфилов аудандық соты көктем мен жаңару мерекесін атап өтті

06/04/2016

      Панфилов аудандық соты көктем мен жаңару мерекесін атап өтті.Мерекелік шараға сот төрағасы, судьялар және сот мамандары, қорғаушылар, сонай-ақ Панфилов ауданының сот жүйесінің ардагер-судьялары қатысты. 

      Салтанатты шараны сот төрағасы барлығын көктемгі  күн мен түннің теңелу мерекесімен құттықтау сөзімен  ашты. «Наурыз – әрбір шығыс халқының ең сүйікті мерекесі. Осы елдерде тек көктемде күнтізбелік жыл басының басталуы тарихи қалыптасқан. Шығыс елдерінде наурыз айы күн мен түннің теңелуін, көп күн сәулесі мен жылу алып келетін дәстүрлі күн болып саналған.

Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы өтініш қанағаттандырылды

06/04/2016

Сот саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен және ақталған азаматтың фактісін қанағаттандырды.

 Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты Д.азаматының  1944 жылы әкесі мен анасы Грузия КСР-нан Аспинзин ауданынан  Қазақстанға Шелек ауылына жіберілгені, өтініш берушінің  ата-аналары 1956 жылға дейін есепте тұрғанын, Д.азаматтың  1951 жылы арнайы қоныста дүниеге келгенін және сонда 1956 жылға дейін тұрғанын анықтады.

Сот шешімімен заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы өтініш қанағаттандырылды.

Тараптар татуласты

06/04/2016

2015 жылдың қараша айында «Mercedes» маркалы автокөліктің  жүргізуші «Mitsubishi»  маркалы автокөлігімен соқтығыс жасаған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-тің 610 бабы 1 бөлігімен қаралған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза тағайындалды. Осыған байланысты, талапкер жауапкерлерлерден жол көлік оқиғасының нәтижесінде сомасы 135 274 теңгені құрайтын келтірілген залалды және 100 000 теңге көлемінде моральдық зиянды  өндіріп алуын соттан сұрады.

Медиация – жанжалдарды шешу кілті

06/04/2016

Райымбек ауданының №2 аудандық сотында Нарынқол, Жамбыл, Сүмбе, Теке, Тегістік және Қайнар селолық округтарының әкімдерінің қатысуымен «Медиация туралы заң» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Д.А.Дошкеев баяндамасында «Медиация – жанжалдарды шешу кілті, дауларды реттеу баламасы. Сотқа дейінгі дауларды шешу, өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету және екі жақты да қанағаттандырады. Осылайша, тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, сот жұмысын жеңілдетеді»-деп атап өтті.

Жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқару

06/04/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Ж. Молдабековқа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің   608 бабы 6 бөлігі бойынша әкімшілік іс қарады.

Осылайша, жүргізуші  Ж.А.Молдабеков Қарабұлақ-Қоғалы автожолында автокөлігін куәліксіз, есірткілік масаң күйде басқару кезінде ұсталды.

Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындады.

 Сот қаулысымен Ж.Молдабеков әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзіміне қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электронды құжаттарды қабылдау

06/04/2016

Ұйғыр аудандық сотында ауыл әкімдігінің, жер қатынастары бөлімінің, мемлекеттік кірістер басқармасының және аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электронды құжаттарды қабылдау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Судья Р.А.Сүлейменов және кеңсе меңгерушісі Б.Д.Аубакиров сот бұйрықтарын беру, сотқа талап арыз беру тәртібін түсіндірді.