Тараптар татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың қараша айында «Mercedes» маркалы автокөліктің  жүргізуші «Mitsubishi»  маркалы автокөлігімен соқтығыс жасаған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-тің 610 бабы 1 бөлігімен қаралған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза тағайындалды. Осыған байланысты, талапкер жауапкерлерлерден жол көлік оқиғасының нәтижесінде сомасы 135 274 теңгені құрайтын келтірілген залалды және 100 000 теңге көлемінде моральдық зиянды  өндіріп алуын соттан сұрады.

Сот отырысы барысында талапкер медиациялық келісімге келу үшін  уақыт беру туралы  және  медиатор ретінде - аталған азаматтық істі жүргізетін судьяны   тағайындау туралы өтінішпен жүгінді. Кейін тараптар медиативтік келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінген.

Іле аудандық сотының  ұйғарымымен жол-көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді. Оның талаптары бойынша жауапкерлер 76 000 теңге құрайтын соманы 2016 жылдың 30 маусымына дейін төлеуге міндеттенеді және ай сайын 25 000 теңге төлейді, ал талапкер өз кезегінде талап арызынан бас тартады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.