Архив событий

19/04/2016

Полиция қызметкеріне күш қолданғаны үшін сот Еңбекшіқазақ ауданының тұрғынына бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады

19/04/2016

Еңбекшіқазақ аудандық соты Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодекстің 378-бабы 2-бөлігімен (билік өкілін жария қорлау), 379-бабы 1-бөлігімен(билік өкіліне бағынбау), 380-бабы 1-бөлігімен (билік өкіліне қатысты күш қолдану),  Космос ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Қоғамдық жұмыстарға тартылған

19/04/2016

Текелі қалалық соты қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін,  яғни салмағы 30,15 грамм марихуана есірткі затын өзіне жеке пайдалану үшін, өткізу мақсатынсыз заңсыз  сақтаған  тұлғаға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот үкімімен сотталушы қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК-тің 296 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді

19/04/2016

Қаратал аудандық соты ҚР «Медиация туралы» заңын қолдануымен азаматтық іс қарады.

 Іс материалдары бойынша, 2015 жылы жауапкер талапкерден  сату үшін жалпы сомасы 1 161 300 теңге көлемінде қарбыз алған. Жауапкер өз қолымен жазылған екі қолхатты беріп, аталған сомманы екі аптадан кейін қайтаруға міндеттелген, алайда міндетін орындамаған.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен дауды шешу туралы келісіміге келді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

19/04/2016

Көксу аудандық сот төрағасы Қ.М.Иманханов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Көксу аудандық сот судьясы Г.А.Садабаева, кеңсе меңгерушісі А.Ж.Баймұқашева, сот мамандары мен жастар тәжірибесі бағдарламасымен тағылымдама өтіп жүрген жас мамандар қатысты.

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 1 тоқсандағы сот жұмысының қорытындысы өткізілді

19/04/2016

Алматы облысы №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанының жұмыс қорытындысы бойынша кеңес  өткізілді.

Атқарушылық құжаттарды жіберу

19/04/2016

Ақсу аудандық соты мемлекеттік сот орындаушылармен атқарушылық құжаттарды жолдау мәселелерін талқылау жөнінде семинар сабақ өткізді.

Семинар сабағының жұмысына Ақсу аудандық сот төрағасының м.а. А.М.Үмбетай, мемлекеттік сот орындаушы С.Ж.Сәрсенбаева, Ақсу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері, қорғаушы А.А.Джакупбекова, Ақсу аудандық ІІБ қызметкері қатысты.

Дау медиация тәртібімен реттелді

19/04/2016

Көксу аудандық соты талапкер неке бұзу бойынша азаматтық іс қарады.

Істі қарау барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Келісім бойынша талапкер неке бұзу туралы өз талабынан бас тартады, ал жауапкер алдағы уақытта отбасын сақтап қалу үшін, баянды өмір сүру үшін барлық жағдайды жасауға міндеттенеді.

Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

№1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ашық есік күнін өткізді

19/04/2016

№1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында ашық есік күні ай сайын өткізіледі.

Осы шараны өткізу азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыруға бағытталған.

Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережесі

19/04/2016

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент Басшысының 05.03.2016ж. № 89 қаулысымен бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбына мамандардың қатысуымен зерделеу семинар сабағы өтті.