Медиация – жанжалдарды шешу кілті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Райымбек ауданының №2 аудандық сотында Нарынқол, Жамбыл, Сүмбе, Теке, Тегістік және Қайнар селолық округтарының әкімдерінің қатысуымен «Медиация туралы заң» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Д.А.Дошкеев баяндамасында «Медиация – жанжалдарды шешу кілті, дауларды реттеу баламасы. Сотқа дейінгі дауларды шешу, өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету және екі жақты да қанағаттандырады. Осылайша, тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, сот жұмысын жеңілдетеді»-деп атап өтті.

С марта месяца в здании  Нарынкольского сельского округа открыт кабинет медиации и каждый гражданин имеет право обращаться по вопросам медиации.

 Шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды, сонымен қатар, даулы мәселелерді медиация рәсімін қолдану мүмкіндігі түсіндірілді.

Наурыз айынан бастап Нарынқол ауылдық округінің әкімдік ғимаратында әрбір азамат медиация мәселелері бойынша жүгінуге құқығы бар медиация кабинеті ашылды.