Архив событий

15/06/2016

«Заманауи болашаққа 100 қадам» ұлт жоспарын іске асыру

15/06/2016

Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотының      төрағасы Т.Құдабаев  «Кербұлақ жұлдызы» газетінің тілшілерінің қатысуымен   «Заманауи болашаққа 100 қадам» ұлт жоспарын іске асыру» тақырыбына брифинг өткізді.

Көксу аудандық сотының төрағасы баспасөз конференция өткізді

15/06/2016

Көксу  аудандық сотының  төрағасы  Қ.М.Иманханов «Нұрлы Көксу» газетінің тілшісі Е.Сагындыкованың қатысуымен 2016 жылдаң 5 айында сотпен  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз конфренцияны  өткізді.

Кездесу барысында  сот төрағасы қылмыстық және азаматтық, істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру бойынша жұмыс  көрсеткіштерін  атап өтті.

Ерлі - зайыптылар сотта татуласты

15/06/2016

Кербұлақ ауданының № 2 аудандық соты  неке бұзу туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қарады.

Талапкер өз талап арызында жауапкермен арада түсіністіктің болмауына байланысты  некелерін бұзуды сұрады.  2015 жылдан бастап олардың арасында отбасылық қатынастар жоқ, ортақ некеден кәмелеттік жасқа толмаған бес баланы тәрбиелеп отырғандығын айтқан.

Судья «Сот кабинеті» ақапараттық сервисін қолдану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

15/06/2016

Алакөл ауданының №2 аудандық сотының судьясы Д.А.Түрехулов «Үйгентас орман шаруашылығы» КММ қызметкерлерімен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдануын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Сот Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға уақытша шектеу қойды

15/06/2016

Кербұлақ аудандық соты  жеке сот орындаушысының борышкерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуына уақытша шектеу қою туралы қаулысын қарады.

Атқарушылық іс жүргізудің құжаттарына сай, борышкерден берешек ақшаны өндіру туралы  2015 жылы қаралған азаматтық іс бойынша қаулы шығарылып, борышкер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілген.

Ашық есік күні

15/06/2016

Халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділікті нығайту мақсатында Жамбыл аудандық сотында ашық есік күні өткізілді.

Шараға Қаскелен қаласының тұрғыны Ж.Акрам ақша өндіріп алу туралы талап арызды қалай дұрыс жазып, сотқа жүгінуге болатындығы жайында сұрақтар қойды.

 Сот төрағасы Е.Т.Үстелбаев қойылған сұрақтарға заң талабына сай жауап берді.

Кербұлақ аудандық сот төрағасы ҮЕҰ-ның өкілдерімен кездесті

15/06/2016

Кербұлақ аудандық сотында Кербұлақ аумақтық аға сот орындаушысы Г.Анықбаеваның және Кербұлақ ауданы бойынша  «Әйелдерді қолдау Сарыөзек орталығы»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Кондратенконың қатысуымен «Гендерлік саясат және татуласу әрекеттері » тақырыбына семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты  қоғамда әйелдердің құқықтары, қазіргі таңда әйел мәртебесі және сот процесінде татуластыру әдістері туралы насихаттау.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу қысқартылды

15/06/2016

Алакөл ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің 73-бабы 1-бөлігімен құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы А. өз үйінде туған анасына былапыт сөйлеп, отбасының тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сотта тараптар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің 64-бабы негізінде өзара бітімгершілікке келді.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылды.

Алимент өндіру туралы талап арыз медиация тәртібімен шешілді

15/06/2016

Талғар  аудандық  соты  өзін өзі асырау туралы азаматтық іс бойынша дауды сот медиациясы тәртібімен шешу туралы келісім бекітті.

Тараптар сот отырысында жауапкер талапкерге  өзін өзі асырау үшін  әр айдың бірінші  күні  7 айлық есептік көрсеткіш , яғни 14847 теңге  төлеуге міндеттенеді, талапкер өз ретінде талап арыздан бас тартқан.

Іс бойынша іс жүргізу дауды (жанжал) сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты қысқартылды.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

Соттардағы ақпараттық технологиялар

15/06/2016

Кербұлақ аудан сотында  «Соттардағы ақпараттық технологиялар және Сот кабинеті» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға аудандық әкімдігінің, прокуратура, ішкі істер бөлімінің, Сарыөзек әскери полиция бөлімінің, «Қазақтелеком» АҚ-ң, төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері және жергілікті «Кербұлақ жұлдызы» газетінің тілшісі қатысты.

Текелі қалалық сот төрағасы Е.Қасымбеков брифинг өткізді

15/06/2016

Текелі қалалық сот төрағасы Е.Қасымбеков «Текелі қалалық сотының және сот қызметін бағалау сапа көрсеткіші» тақырыбына брифинг өткізді.

Брифингке Текелі қаласының тұрғындары  және «Текелі тынысы» газетінің өкілі Т.Мельник қатысты.

Жылжымайтын мүлікті заңдастыру құжаттарын заңсыз иеліктен босату бойынша талап арыз қанағатсыз қалдырылды

15/06/2016

Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  талапкер РБҚ «Отан» жауапкер «Ф» АҚ-на жылжымайтын мүлікті заңдастыру құжаттарын  оны заңсыз иеліктен босату  және мүлікті кепілден шығару туралы азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, банктің қарыз беру келісім шарты бойынша  2005 ж «Ф» АҚ  мен «А» ЖШС-не  26 000 000 теңге қарызға берілген.

Азаматтық істер бойынша сот молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындау тәртібі

15/06/2016

Алматы облысы №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар, сот мамандары және прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық істер бойынша сот молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындау тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

М.Тоқтағұлова некені бұзу, алимент өндіру, әкелікті даулау, аналықты белгілеу туралы азаматтық сот ісін жүргізу кезінде азаматтарға қатысты оның шынайы биологиялық туыстықты анықтау қажеттілігі жиі кездеседі.

Талдықорған қалалық сотында семинар

15/06/2016

Талдықорған қалалық сотында кеңсе меңгерушісі А.Мадиев, сот мамандары, сот приставы және мамандандырылған күзет қызметінінің қызметкерлерінің қатысуымен «Өткізу және объектілік режимдерді қамтамасыз ету» тақырыбына  семинар өткізілді.

 А.Мадиев семинарға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттардың ғимараттарында өткізу және объектілік режимдерді қамтамасыз ету қағидаларымен таныстырды.

Көксу аудандық сот төрағасы азаматтармен қабылдау өткізді

15/06/2016

Көксу аудандық сот төрағасы Қ.М.Иманханов кезекті азаматтармен қабылдау өткізді.

Көксу аудандық сотымен залалды өтеу туралы талап қою бойынша 2015 жылы шығарылған  сот актісі ұзақ уақыт бойы орындалмаған туралы мәселе бойынша Балпық би ауылының тұрғыны заңдық көмек алу үшін жүгінді.

Бұл мәселе бойынша сот төрағасы заңнамаға түсінік беріп, толық жауап берді.

Сот уақытша ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу және бөлшектеу шығындарын өндірді

15/06/2016

Алматы облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  талапкер «Қарасай ауданының білім бөлімі» ММ-нің талап арызы мен   жауапкер «Аксу» АҚ-на  ғимараттырдың  уақытша тұрғызуын жинауына арналған  шығындалған сомманы қайтарып алу туралы азаматтық іс қарады.