Архив событий

13/06/2016

Б.Есентаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

13/06/2016

Талғар аудандық сотына Талғар ауданының прокурорының қолдауымен, тергеушінің Б.Есентаевқа қатысты  күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын  санкциалау  туралы өтініш  хаты қаралды

Б.Есентаев ҚР ҚК-тің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтiруге оқталу) қарастырылған қылмыс жасағаны үшін күдікті деп танылған.

2016 жылғы 13 маусымда шығарылған сот қаулысымен Б.Есентаевқа қатысты  екі ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі бұлтартпау шарасы санкциаланды.

Ювеналдық сотының судьясы «Ана Үйі» ҚҚ-ның жас аналарына құқықтық көмек көрсетті

13/06/2016

Алматы облысы №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.Тоқтағұлова және кеңсе меңгерушісі Р.Алдабергенова жас әйелдерді қолдау және құқықтық көмек көрсету мақсатында үкіметтік емес ұйым - «Ана Үйі» Қоғамдық қорына барып қайтты.