Архив событий

17/06/2016

«100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының жүзеге асырылуын талқылау бойынша брифинг

17/06/2016

Ескелді аудандық сотында «Жетысу шұғыласы» аудандық газетінің тілшісі М.Сандуғаштың қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша бес институционалдық реформаларын  іске асыруды  талқылауға арналған брифинг өткізілді.

Дау медиация тәртібімен реттелді және неке сақталды

17/06/2016

Қаратал аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық іс қарады. Іс құжаттары бойынша, талапкер 2005 жылы тіркелген некені бұзуды сұраған.

Сот отырысында талапкер талап арызынан бас тартып, отбасын сақтау үшін жұбайымен татуласқандығына байланысты дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынып, оны бекітуді сұраған.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Электрондық атқару парағы

17/06/2016

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот кеңсесі қызметкерлерінің қатысуымен «Электрондық атқару парағы» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.

Көксу аудандық сотында ашық есік күні

17/06/2016

Бүгін  Көксу аудандық сотында  ашық есік күні өткізілді.

Осы күні сот өзінің есігін айқара ашып, барлық қалаушылар үшін сот қорғау негіздерімен танысуға, өз тілектері мен ескертулерін әкелуге мүмкіндік берді.

Қылмыстық процесте азаматтық талап-арызды қарау

17/06/2016

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялармен қолданыстағы қылмыстық заңнаманы талқылау бойынша семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабақ барысында қылмыстық процесс кезінде азаматтық талап арызды қарау тәртібі талқыланды.

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары бойынша бітімгершілік рәсімдерді қолдану

17/06/2016

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қамқоршылық және қорғаншылық органдары өкілдерінің және ювеналды полициясының инспекторларының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың  құқық бұзушылықтары бойынша бітімгершілік рәсімдерді қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Көксу аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

17/06/2016

Көксу аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге прокурор Д.Бейсенов, Көксу ауданы әкімшілігінің маманы А.Кисметов, Жер қатынастары басқармасының мамандары, сот қызметкерлері қатысты.