Архив событий

06/06/2016

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды

06/06/2016

2016 жылғы 5-ші маусымында құқық  бұзушы А. Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының  орталық базарының алдында, яғни қоғамдық орында өтіп баражатқан кісіге себепсізден былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, ұсақ  бұзақылық  жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы өзіне тағылған кінәсін толық мойындап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Еңбекшіқазақ  аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған жаза ретінде  10 айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынды.

Ашық есік күні

06/06/2016

Еңбекшіқазақ  аудандық сотында  ашық есік күні  өткізілді.

Азаматтардың сот төрелігін жүзеге асыру туралы барлық сұрақтары бойынша Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы Н.М.Киекбаева қабылдады.

Судья Н.М.Киекбаева аталған шараға қатысқан барлық азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Ашық есік күні халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот төрелігіне сенімін арттыру, құқықтық мәдениетті күшейту мақсатында өткізіледі.

Ұрлық жөніндегі қылмыстық іс қысқартылды

06/06/2016

Алматы облысы Балқаш аудандық соты Миялы ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс жәбірленушімен сот медиация тәртібімен татуласуына байланысты іс жүргізу қысқартылды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жайылып жүрген жылқыны жылқыны жасырын ұрлап кеткен.

 Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші кәсібқой емес медиатордың көмегімен татуласты.

Сот медиация тәртібімен татуласу туралы келісімді бекітіп, сот қаулысымен іс жүргізу қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Талдықорған мамандырылған әкімшілік сот төрағасы азаматтарды қабылдады

06/06/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық  әкімшілік сот төрағасы Н.Е.Қарабаевқа ҚР ӘҚБтК-тің 610-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы бойынша қандай әкімшілік жаза қолданылатындығы туралы Талдықорған қаласының тұрғыны А.Искакова  сұрақтармен жүгінді.

Сот төрағасы қойылған әрбір сұраққа заң тұрғысынан жан-жақты жауаптар берді. 

Жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын алкогольді масаю күйінде басқарған

06/06/2016

Алматы облысы Балқаш аудандық соты Н.Еселбаевқа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің   608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қарады.

Осылайша, құқық бұзушы Н.М.Еселбаев  Балқаш ауданы Бақбақты ауылында көлік құралын жүргізу куәлігінің болмауына қарамастан масаң күйінде ұсталған.

Құқық бұзушының алкогольді масаң күйінде болғаны медициналық  куәландыру қорытындысымен расталады.

Сот талқылауында құқық бұзушы  өз кінәсін мойындады.

Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш қанағаттандырылусыз қалдырылды

06/06/2016

        Іле аудандық соты Жауғашты ауылындағы ЛА 155/4 мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан ҚР ҚК-тің 176-бабы 3-бөлігі «б, г» тармақшасы және  307-бабы 3-бөлігі бойынша жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы сотталған М. өтініші қаралған.

        Сот анықтағандай, М. Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотымен 2016 жылыдың 14-ші ақпанында мүлкін тәркілеумен 5 жыл бас бостандығынан айырылған. Одан басқа сот үкімі бойынша 575 643 179 теңге берешегі өндірілген. Төленбеген талап қарызы  574 092 316  теңгені құрайды.

Тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты -қылмыстық іс қысқартылды

06/06/2016

Қаратал аудандық соты ҚР ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қарады.

Іс құжаттары бойынша, А.С. өзінің пайда күнемдік ниетіпен, бөтен біреудің мүлкін жасырын түрде жымқырып алған, осылайша жәбірленушіге 30000 теңге материалдық залал келтірген.  

Сот отырысы барысында тараптар медиация тәртібімен татуласты.

Cот қаулысымен қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты іс жүргізуден қысқартылып, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.