Архив событий

21/06/2016

Абайлаңыз, жаяу жүргінші!

21/06/2016

Қарасай аудандық соты екі жаяу жүргіншіні  қағып кеткен  жүргізушіге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жариялады.

Аталған жол-көлік оқиғасы салдарының нәтижесінде, жәбірленуші аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан, көз жұмды.

Сотталушы сот отырысында тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындап, шын ниетімен өкініп,  кешірім сұрады.

Сот үкімімен М.  ҚР ҚК-тің 345-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған,  3 (үш) жылға көлiк құралын жүргiзу құқығынан айрып, 2 (екі) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыру, жазасы колония-қоныста өтеу тағайындалды.

Талғар ауданы білім бөлімінің қызметкеріне пара алғаны үшін айыппұл салынды

21/06/2016

Талғар аудандық соты ҚР ҚК- тің  366-бабы 1-бөлігі бойынша сыбайлас-жемқорлық қылмыстық ісін карады.

Сот үкімі бойынша айыпталушы «Талғар аудандық білім бөлімі» ММ-нің бас маманы бола тұрып, өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, пара ретінде 100 000 теңге алған.

Атап айтқанда, өзінің немересін кәмелеттік жасқа толмаған Д.-ны асырап алу үшін, ата-анасын құқықтарынан айыруға көмек көрсету үшін көмек көрсетуге, арнайы құрылған комиссияға оң шешім қабылдауға ықпалын тигізуге уәде берген.

Ұрланған ұялы телефон бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен шешілді

21/06/2016

Алматы облысы Көксу аудандық соты құны 39 000 теңгені құрайтын ұялы телефонды ұрлаған айыпталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс  қарады.  

Басты сот талқылауы кезінде жәбірленуші істі медиация тәртібімен татуласу  арқылы  шешуді ұсынды.

Сот қаулысымен тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігі негізінде сотталушы қылмыстық жазадан  босатылды.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

«Сот кабинеті» пайдалануға ыңғайлы!

21/06/2016

Талдықорған қалалық соты сот қызметкерлері және «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» өкілі А.Ерланның қатысуымен «Сот кабинеті» тақырыбына семинар сабақ өткізді.

Есірткі дайындағаны және пайдаланғаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылған

21/06/2016

 Текелі қалалық соты салмағы 0,45 грамм «Экстракциялық апиын» есірткі затын дайындау және пайдалану бойынша өткізу мақсатынсыз заңсыз  сақтаған тұлғаға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот үкімімен, сотталушы ҚР ҚК-тің 296-бабы 3-бөлігімен (ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) кінәлі деп танылды. Оған 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды, сонымен қатар сот оны 6 айға нашақорлыққтан мәжбүрлеп емдеуге арнайы ұйымға жіберді.

Алакөл аудандық сотында заңсыз бұзып кіріп ұрлап кету фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

21/06/2016

Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2016 жылдың мамыр айында түнгі сағат түнгі бір шамасында азамат Т. заңсыз, «Ақбота» дүкеніне бұзу жолымен кіріп, ақша мен тауарларды ұрлап, 98600 теңге материалдық залал келтірген.

Сот тергеу үрдісі басталмас бұрын сотталушы дауды медиация тәртібімен шешуге сотталушы мен жәбірленушінің қолы қойылған  өзара келісімдерін ұсынды. Жәбірленушіге келтірілген залал өз еркімен орнына қойылды.

Шетелдікпен халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы

21/06/2016

Алакөл аудандық соты шетелдікпен халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі анықталып,  әкімшілік іс қарады.

Іс материалдары бойынша, Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына келіп, ішкі істер бөлімініне Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тіркеу уақытын өткізген, ішкі істер бөлімінде тіркелмей Қазақстан Республикасының шекарасында болған.

Соттың қаулысымен құқықбұзушы кінәлі деп танылып, 5 күнге әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Процессуалдық шығындар өндіріліп алынды

21/06/2016

Алакөл  аудандық соты аудан прокурорының күдіктіден процессуалдық шығындарды өндіріп алу туралы ұсынысын қарады.

Прокурордың ұсынысы бойынша, күдікті 2016 жылғы 27 сәуірде  күдікті жол көлік оқиғасын жасау салдарынан кәмелетке толмаған балаға жеңіл дене жарақаттарын келтірген.  Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы жасалып, оған 26 354 теңге жұмсалған. Алакөл ІІБ тергеушісімен қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

Сот прокурордың ұсынысын қанағаттандырып, күдіктіден мемлекет табысына процессуалдық шығындарды өндіріп алды.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

21/06/2016
Ескелді аудандық сотына сақтандыру компаниясына 101 520 теңге қарызды өндіруді сұраған талап қоюшы талап арызымен жүгінген.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық міндетті сақтандыру келісім шартына сәйкес, жауапкердің  талапкер алдындағы қарызы 101520 теңгені құрайды.

«Сот кабинеті» жүйесі арқылы әкімшілік істерді жіберу

21/06/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сотында Еңбекшіқазақ ауданы ІІБ-нің қызметкерлерінің қатысуымен  «Әкімшілік істерді «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы жіберу» туралы тақырыбына семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабақ барысында соттың кеңсе меңгерушісі Г.Е.Қайырбаева «Әкімшілік істерді жолдау» нұсқаулығымен таныстырып және «Сот кабинеті» арқылы әкімшілік істерді жіберу тәртібін түсіндірді.    

Семинар аяғында қатысушылар аталған тақырыпта туындаған сұрақтарды  толығымен талқылап, өзара пікір алмасты.

Есік қаласының әкімшілігінің ғимаратында үкіметтік емес ұйымдармен әйелдер құқықтары талқыланды

21/06/2016

Есік қаласының әкімшілігінің ғимаратында аталған дөңгелек үстелге: судья К.Ж.Жапсарбаева «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал  төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғожаев, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, аудандық «Әйелдер одағы»  қоғамдық қорының төрайымы  Р.Исатаева, «Ақжүніс» БҚ-ның төрағасы Л.Долматова, әкімдік қызметкерлері мен Есік қаласының тұрғындары қатысты.

Алакөл ауданының №2 аудандық сотында өткізу режимінің жаңа ережелері талқыланды

21/06/2016

Алакөл ауданының №2 аудандық  сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ішкі қауіпсіздікті сақтау тақырыбына семинар сабағы өткізілді. 

Аталған шараға судьялар, сот мамандары және «Алакөл ауданы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-нің жеке құрамы қатысты.