Архив событий

28/06/2016

Қапшағай қалалық соты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

28/06/2016

Қапшағай қалалық сотында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою рәсіміне Қапшағай қалалық сотының төрағасы Ж.А.Батыров, Қапшағай қаласының әкімі Б.Қиқымов, Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Н.Қойлыбаев қатысты.

Меморандумның мақсаты  жан-жақты даму саласындағы ынтымақтастықты және сотқа дейінгі және дауларды соттан тыс шешу

Қылмыстық істі процестік келісіммен қарау тәртібі

28/06/2016

Сарқан аудандық сотында «Қылмыстық істі процестік келісіммен қарау тәртібі» тақырыбына семинар өткізілді.

Шараға аудандық прокуратурасының прокуроры З. Алдибекова, тергеушілер, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С. Курункуев, А. Сыдықов, штаб инспекторы А. Рахимов қатысты.

Семинар сабақтар өткізілді

28/06/2016

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет» тақырыбын да семинарлық сабақ өтті.

Кеңсе меңгерушісі Р.Алдабергенова «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында мемлекеттік қызметкердің мәнсабы жаңа үлгіде қалыптасып, мемлекеттік қызметке ендігі жерде тек төменгі лауазымнан бастап қабылданатындығын, алғаш рет қабылданушылардың жұмыста өзін көрсету мүмкіндігі артып, әрі қарай мәнсаптық мемлекеттік қызмет моделімен жоғарылауы қарастырылған,- деп айтып өтті.

Сот талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды

28/06/2016

Текелі қалалық соты талапкер Б-ның жауапкер С-ға қойған тұрғын үйден шығару туралы талап- арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер С.-ға 3 801 000 теңгеге сатылған үйінің меншік иесі болып табылады. Сатып алу- сату шартын жасау кезінде жауапкер оған кепілпұл ретінде 2 624 500 теңге төлеген. Қалған сомасы  1 176 500 теңге  09.02.2015 дейін төлеуге міндеттенді. Алайда, белгіленген мерзімде  С. қалған соманы төлемеген. Талапкер С. белгіленген мерзімде  төлемеген жағдайда  үйді босатуын ескертті.

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

28/06/2016

Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Б.И.Чутанбаев және Шелек селолық округі әкімінің орынбасары  Е.С.Нурмахановпен өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Құжат халық арасында медиация институтын ілгерілету жөнінде жұмыс істеуге, дауларды (жанжалдар) реттеу медиацияны пайдалану мен  дамытуға аудандық сотының және әкімдігі арасындағы ынтымақтастықты қарастырады.

Суық қаруды заңсыз жасау және алып жүру

28/06/2016

 Текелі қалалық соты К-ға қатысты суық қаруды алып жүру және заңсыз дайындау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес сотталушы өз үйінің ауласында өзін-өзі қорғау мақсатында, қорғасыннан жасалған суық қару "кастет" жасап, оны күрткесінің қалтасында сақтаған.

Сот үкімімен Қ–ны қылмыстық құқық бұзушылық үшін айыпты деп тауылып, 120 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.