Архив событий

16/06/2016

ҮЕҰ өкілімен баспасөз конференциясы өткізілді

16/06/2016

Алакөл аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбына баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Баспасөз конференция судья А.Ш.Шакуалдың бастамасымен «Алакөл» газетінің тілшісі Ш.С.Нукебаеваның, «Алакөл  аудандық  әйелдерді қорғау  орталығы» қоғамдық  бірлестігінің өкілі  Г.А. Бейсенованың, қорғаушы Т.Ш.Галинова және А.Капашеваның қатысуларымен өткізілді.

Сот өтінішті қанағаттандырды

16/06/2016

Текелі қалалық соты  К-ның құжаттың тиесілі екендігін белгілейтін  заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Іс материалдарында көрсетілгендей, арызданушы өзінің еңбек жолын Талдықорған облысы Капал ауданы Ильич атындағы колхозда 1975 жылдан бастаған. Бұл жерде оған дұрыс толтырмаған еңбек кітапшасы берілген. Еңбек кітапшасында оның аты дұрыс көрсетілмеген, сондай-ақ, оның әкесінің аты және туған күні көрсетілмеген.

Судья шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен кездесті

16/06/2016

Алакөл ауданының №2 аудандық сотының судьясы Д.Ә.Турехулов «Сот жүйесіндегі орын алып отырған реформалар мен олардың іске асырылуы» тақырыбына «Ж.Әкімбеков» шаруа қожылығының жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья Д.А.Турехулов, шаруа қожалықтарының қарапайым жұмысшыларына Елбасының «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында еліміздің сот жүйесінде елеулі реформалар орын алғанын айтып, олардың орындалуы барысына тоқталып өтті.

Судьяға алғыс

16/06/2016

Алматы облыстық сотының төрағасы М.Т.Таймерденовтың поштасына «Имсталькон» АҚ М.М.Резуновтан  хат түсті.

Бас директор өз хатында, Талдықорған  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік  сот төрағасы Нұржан Ерубайұлы Қарабаевқа өзінің алғысын білдірді.

Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

16/06/2016

Талдықорған  мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты  Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-тің 440-бабы 4-бөлігі бойынша қоғамдық орында масаң күйде жүрген құқықбұзушы С.-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.  

Сот аңықтағандай, құқық бұзушы бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, Талдықорған  қаласының көшесі бойында, яғни қоғамдық орында адамның қадір – қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай алкогольдік масаң күйде жүрген.

Электр энергиясын реттеу қызметтерін көрсетуге арналған мәміле жарамсыз деп танылды

16/06/2016

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Мелекеттік кірістер басқармасы» ММ-сі , жауапкерлер «Э» ЖШС-не, «А» ЖШС-не келісім  шарт бойынша мәмлені және  счет-фактурада көрсетілген мәмлені жарамсыз деп тану туралы  талап арызы бойынша  азаматтық  іс қаралды.

Іс бойынша  анықталғандай, құқық қорғау органдарымен  «Э» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу кезінде  және сотта дәлелдегені  «Э»  ЖШС-не счет фактура  бойынша 126 млн. теңгеге есеп айырсу өткізгені анықталды.

Дауларды сотқа дейін жеткізбей медиациялық келісім тәртібімен шешу

16/06/2016

Кербұлақ ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Т.Ә.Құдабаев  «Дауларды сотқа дейін жеткізбей медиациялық келісім тәртібімен шешу» тақырыбына  семинар өткізді.

Аталған  шараға Кербұлақ ауданының ауылдық округінің әкімдері мен кәсіби емес медиаторлар қатысты.