Архив событий

08/06/2016

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген

08/06/2016

Көксу аудандық соты  ҚР ҚК-тің  108-бабы бойынша (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) жеке айыптау бойынша  үш айыпталушыға  қатысты дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиатордың қатысуымен медияция тәртібімен шешу құқығын пайдаланып, осының негізінде айыптаушы өз айыбынан бас тартып, тараптар татуласу келісіміне келді.

Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.  

Ашық есік күні

08/06/2016

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кезекті ашық есік күні өткізілді.

Осы шараны өткізу азаматтардың сот жүйесіне сенім арттыруға бағытталған.

«Сот кабинеті» тақырыбына дөңгелек үстел

08/06/2016

Талғар аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбына  дөңгелек үстел өткізілді

Шараға прокурор аға көмекшісі А.Нүюсүпова, әкім өкілі Р.С.Әлімжанов, «Казақтелеком» АҚ-ның өкілі Ж.Н.Керімбаева, заң кеңесінің қорғаушысы  А.Баяхметова, «Талғар» газетінің редакторы Ф.Ержанованың қатысты.

Ақсу аудандық сотында дөңгелек үстел

08/06/2016

Бүгін Ақсу аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.         

Дөңгелек  үстел жұмысына Ақсу аудандық сотының судьялары, аудандық прокуратура, Ақсу аудандық ішкі істер бөлімі мен пробация қызметінің өкілдері қатысты.

Ақсу аудандық сотының төрағасы А-О.Т.Жақсыбаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр адамның міндеті екендігін, сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігін айтты.

Көксу аудандық сот төрағасымен дөңгелек үстел өткізілді

08/06/2016

Көксу аудандық сот төрағасы Қ.М.Иманханов кеңсе меңгерушісі А.Ж.Баймұқашева, сонымен қатар Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі ММ қызметкерлері, батальон командирі полиция капитаны Д.К.Көбен, взвод командирі полиция лейтенанты Е.Ж.Байғұнысов және 4 взвод қызметкерлерінің жеке құрамының қатысуымен «Күшейтілген қауыпсіздікпен қамтамасыз ету» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды

08/06/2016

Ұйғыр аудандық соты  ұсақ бұзақылық жасаған Х. азаматшасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша Х. қоғамдық орында азаматша С. атына балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Х. ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. 

Жеке қаулыларды шығару сапасы

08/06/2016

     Сот функцияларының превентивті (ескертуші) маңызды көрінісі болып жеке қаулыларды пайдалану болып табылады.

    Жеке қаулыларда құзырлы органдар мен  лауазымды тұлғалардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуге және заңдық тұрғыдан кемшіліктерге жол берілген жағдайда оның алдын-алу талап ететін қажетті шараларды қабылдау мен ашу қызметіндегі кемшіліктерді анықтау мен жоюдың мәселесіне сот назары аударады.

     Аталған талаптар Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қатаң сақталуда.