Архив событий

09/06/2016

Қылмыстық жауапкершілікке тартылды

09/06/2016

Еңбекшіқазақ аудандық соты «Жылжымайтын мүлік бойынша орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның директорының орынбасарына қатысты қылымыстық іс қарады.

Сот материалдарына сәйкес, А. 300 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы үшін Еңбекшіқазақ аудандық әділет Басқармасында сейсмоқорытындысын тіркеп және техникалық паспортты  дайындау туралы жәрдем көрсету үшін Е. азаматына жүгінген.

Көршілердің ұрыс-жанжалы айыппұл төлеуге әкеліп соқты

09/06/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты С. азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша С. көршісіне былапыт сөздер айтқан.

Сот отырысында құқық бұзушы С. өз кінәсін мойындаған

Сот қаулысымен С. азаматшасы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің 434 -бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.  Оған жаза ретінде 10 АЕК  яғни, 21210  теңге құрайтын айыппұл салынды.

Сот талап арызды қанағаттандырды

09/06/2016

 Талғар аудандық соты талапкер А. жауапкер Т-мен ажырасу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

 Сот отырысында талапкер отбасының түпкілікті бұзылғанын,  неке қатынастарының тоқтатылғанын және бірге тұруға мінез құлықтарының сай келмейтінін,  татуласуы мүмкін емес деп санайтындығын  айтты.

 Сот шешімімен талапккер және жауапкер арасындағы неке бұзылды.

Алакөл ауданының №2 аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

09/06/2016

Алакөл ауданының №2 аудандық сот төрағасы Б.М.Темірбеков судьялар және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңын зерттеу бойынша семинар сабағын өткізді.  

Семинар сабағы ашу барысында сот төрағасы Б.М.Темірбеков қазіргі таңда тілдердің мәртебесі және оларды дамыту үшін нормативтік актілер қабылданып, іске қосылғанын айтып өтті.

Өзбекстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

09/06/2016

Алакөл аудандық соты Өзбекстан Республикасының 12 азаматтарына қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Үшарал қаласының автобекетінде полиция қызметкерлерімен төлқұжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағында тиісті тіркеусіз жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтары ұсталған. 

Сот қаулысымен барлық  Өзбекстан Республикасының 12 азаматтары ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оларға 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

09/06/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы К.Ж.Жапсарбаева Есік қаласының әкімшілік ғимаратында«Еңбекшіқазақ ауданы әйелдер одағының» төрайымы Р.О.Исатаева және одақ мүшелері  З.И.Раджабова және Л.В.Долматованың  қатысуымен «Гендерлік саясат» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Астана қаласында үйлестіруші-судьялар БАҚ-мен өзара қатынас атты семинар-тренингке қатысты

09/06/2016

Бүгін Астана қаласында Ф.Эберт атындағы Германия Қорының және ЕҚЫҰ-ның қолдауымен Астана қаласында  БАҚ-мен өзара қатынасы бойынша  Жоғарғы және облыстық үйлестіруші-судьяларының қатысуымен  «Сот ақпаратын кеңейту бойынша PR-технологиясының шеберлігі» тақырыбына семинар-тренинг  ұйымдастырылған.

Семинар шеңберінде соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасы ұсынылады.