Архив событий

03/06/2016

Пара берген үшін айыппұл салынды

03/06/2016

Қарасай аудандық соты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында, салық органдарында тіркеусіз лауазымды тұлғаға өзі пара бермек болған Н.Б.Жәкеевқа қатысты үкім шығарды.

Сотта Н.Б.Жәкеев кінәсін толығымен мойындап, өкінетіндігін айтты.

Сот үкімімен Н.Б.Жәкеев ҚР ҚК-тің  367-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған жаза ретінде жиырма есе берілген пара көлемінде 100 000 теңге  құрайтын айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материалдық залал толық өтелді

03/06/2016

Панфилов аудандық соты адамның тобын құрып, алдын-ала сөз байласып, Панфилов ауданы, Нағарашы ауылы, «Жәдігер» фазендасының мал сақтайтын қойманың ішіне заңсыз кіріп, екі жылқы ұрлаған  Е.Т.Болатов және М.С.Досымбетовке қатысты қылмыстық іс қарады.

Осылайша, Е.Т.Болатов және М.С.Досымбетов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігімен 1,3- тармақтарында көзделген қылмыс жасаған.

Кербұлақ ауданының № 2 аудандық сот төрағасы баспасөз конференция өткізді

03/06/2016

Кербұлақ ауданының № 2 аудандық сот төрағасы Т.Ә.Құдабаев судья Г.К.Тынысбекова, сот қызметкерлері және «Кербұлақ жұлдызы» газетінің тілшісі А.Касенованың қатысуымен 2016 жылдың 5 айында сот төрелігін жүзеге асырған жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен бітімгершілікке келуіне байланысты іс қысқартылды

03/06/2016

Кербұлақ ауданының № 2 аудандық сотым ҚР ҚҚ-тің 188 бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) айыпталған Ж.С.Садвакасовқа қатысты қылмыстық іс қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы Ж.С.Садвакасов ешкімнің қарап тұрмағаның пайдаланып, сарайына кіріп кеткен  жалпы саны 53 тауықты ұрлап кеткен.

Сот отырысы барысында, тараптар  медиация тәртібімен татуласып, жәбірленушіге материалдық залал толық өтелді.

Сот қаулысымен тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланыстықылмыстық іс қысқартылды.

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған семинар

03/06/2016

Текелі қалалық сот төрағасы судьялар және сот қызметкерлерінің арасында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» атты семинар сабақ өткізді.

          Сот төрағасы өз баяндамасында  Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады деп айтты.

Сот сақтаңдырушының құқығын кеден органның заңсыз іс әрекеттерінен қорғады

03/06/2016

«А» сақтандыру компаниясы «мемлекеттік кіріс департаменті» мемлекеттік мекемесінің заңсыздығын мойындап сотқа арыз түсірді және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ұшыраған талаптарын тарату, кедендік баждарды төлеу бойынша талап ету, сақтандыру шартын жасау алдында импорталған тауарлар бойынша 10 000 000 тенге салықтар мен айыпұлдар, сондай-ақ бұған байланысты сақтандыру талаптары сақтандыру шарты бойынша сақтандыру кезеңінде орын алмаған, осыған байланысты талаптар заңсыз болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық

03/06/2016

Қаратал аудандық соты ҚР ҚК-тің 434-бабы 1-бөлігі бойынша А.Обезьянский азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, А.Обезьянский қоғамдық орында бола тұра, темекіні тартып, қалдығын белгіленбеген орында тастап, осылайша қоғам тәртібі және адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сотта А.Обезьянский кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен А.Обезьянский әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза ретінде 1 тәулік мерзіміне қамаққа алу тағайындалды.

Халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған

03/06/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоныс саласындағы заңнамасын бұзған Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Ресей Федерациясының  азаматы бола тұра әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтардың тұру және болу туралы ережелерін бұзған.