Архив событий

22/06/2016

Иесі бас тартқан жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

22/06/2016

Алматы облысы Алакөл ауданының №2 аудандық соты  Алакөл ауданы әкімінің  жылжымайтын мүлік жер учаскелерін иесіз қалған деп тану туралы және азамат Қ.-ға берілген коммуналдық меншік құқығын тану туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына орай, азамат Қ. оған шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскелерінен өз еркімен бас тарту туралы нотариалды куәландырылған арызын жергілікті әкімдікке өткізген.

Талдықорған ауданаралық мамандырылған әкімшілік сотында Ашық есік күні

22/06/2016

Талдықорған ауданаралық мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұржан Қарабаев  құқықтық көмек көрсету мақсатында және сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту мақсатында күн сайын сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Судьяның іс-әрекетіне және қаралған қаулыны кассациялық тәртіпте шағымдану тәртібі бойынша сұрақтармен Талдықорған каласының тұрғыны А.В.Аникин  жүгінді.

Сот төрағасы қойылған әрбір сұраққа заң тұрғысынан жан-жақты жауаптар берді.

Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотында кезекті Ашық есік күні

22/06/2016

Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотында сот төрағасы Т.Ә.Құдабаев ашық есік күні шарасын өткізіді.

Аталған шараға Кербұлақ ауданының Бостан ауылының тұрғындары жер мәселесі бойынша туындаған сұрақтар бойынша жүгінді.

Шараның қорытындысы бойынша қойған сұрақтарына толықтай жауаптар берілді.

Ұшу қауіпсіздігінің қауіп төндіру қатерінің алдын алу

22/06/2016

Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Талғар ауданы әкімдігінің  арызы бойынша «Ерас сервис» ЖШС-не жер учаскесін қайтару және жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін қайтару бойынша  сәйкестіру құжатының  күшін жою туралы азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, Талғар ауданы әкімдігінің қаулысымен жауапкерге жалпы алаңы 12.000 га құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, ұгіту- ұсату және көмуі үшін даулы жер телімі берілген.

Мемлекет пайдасына өндіріліп алынды

22/06/2016

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкер Талдықорған қалалық прокуратурасы жауапкер «Шабыт» ЖШС-нен сату-сатып алу келісімі бойынша мемлекет тарапына 3 млн. 274 мың теңге өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ және «Шабыт» ЖШС-мен жер учаскесін сату-сатып алу келісім шартына отырған, алайда «Шабыт» ЖШС 1 млн. тенге төлеген ал қалған сомманы төлемеген.

Ұсақ бұзақылық үшін айыппұл салынды

22/06/2016

Қаратал аудандық соты ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қарады.

Іс материалдары бойынша, Т.Н.Ахметжанов қоғамдық орында бола тұра, қоғамдық тәртіпті бұзып және қоғамға анық құрметтемеу білдіре отырып, былапыт сөйлеген.

Сотта құқықбұзушы өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен Т.Н.Ахметжанов кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза түрінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сомасы 21 210 теңге айыппұл салынды.

Көксу аудандық сотында Ашық есік күні

22/06/2016

Көксу аудандық сотының төрағасы Қ.М.Иманханов ашық есік күні шарасын өткізді.

Шара барысында төраға қабылдауында Балпық би ауыл тұрғындары болып, қаралған азаматтық істер бойынша сот актісінің орындалуы туралы мәселемен жүгінген.

Сот төрағасы Қ.М.Иманханов мәселе бойынша оны заң шеңберінде шешу жолдарын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға толық жауап қайтарды. 

Сарқан аудандық сотында ҮЕҰ-мен дөңгелек үстел өткізілді

22/06/2016

Сарқан аудандық сотында үкіметтік  емес ұйымдардың өкілдерімен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңбері аясында сот жүйесіне жаңа ақпараттық –технологияны еңдіру тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Сарқан қалалық филиалы директорының орынбасары Т.Мадиев, Сарқан аудандық ардагерлер одағының төрағасы К.Жанасылов және оның орынбасары Ш.Калиаскарова, «Сарқан қаласының жастар қоры орталығы» филиал басшысы Е.Нұрпейісова және орынбасары Г.Тулеува, «Сарқан» газетінің тілшісі  Е.Мұқанова қатысты.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта Ашық есік күні

22/06/2016

№1 Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  төрағасы Б.Тұрлыбков құқықтық көмек көрсету мақсатында және сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту мақсатында  ашық есік күнін өткізді.

Кездесу барысында, келушілерге  төраға сот жұмысы туралы айтып берді. Атап айтқанда: Соңғы жылдары соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету айтарлықтай жақсарғанын, сонымен қатар, барлық аудандық және қалалық соттар дыбыс-бейне жазу құралдарымен толық жабдықталғанын және бұл халыққа сот отырыстарының қолжетімділігі мен ашықтығы үшін мүмкіндік береді.

Сотта қауіпсіздікті қамтамасыз ету

22/06/2016

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьялар мен сот мамандарының қатысуымен             «Сотта қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбына семинар сабағын өткізіді.

Семинар барысында сот  ғимараттарында және аумағында келушілер үшін Жоғарғы Сотының жанындағы Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысының бірлескен бұйрығымен 2016 жылғы 3 мамырда бекітілген ішкі  объектілік және өткізу бойынша режимін қамтамасыз ету жөніндегі Ереже талқыланды.

Сот қылмыстық істі қысқартты

22/06/2016

Текелі қалалық соты Л.-ға қатысты бөтеннің мүлкін ұрлады деген айыппен қылмыстық іс қарады.

Іс материалдары бойынша, сотталушы жәбірленушінің үйінде қонақта болған кезде «Самсунг» маркалы планшетті жасырын ұрлап алып кеткен, сөйтіп ол жәбірленушіге барлығы 46 000 теңгеге материалдық залал келтірген.