Архив событий

07/06/2016

Сот маманы «Қазақ радиосында» сұхбат берді

07/06/2016

Жамбыл аудандық сотының маманы Г.Малыбаева «Қазақ радиосы» тікелей эфирінде «Президенттің бес реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам»  тақырыбында сұхбат берді.

Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылды

07/06/2016

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соты талап қоюшы «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемелекеттік мекемесінің жауапкер «Салимжан» жеке кәсіпкеріне берген жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот отырысында анықталғандай, жауапкер тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамаған. Осылайша жауапкер келісімнің шарттарын бұзған, тауарды жеткізуді белгіленген мерзімде орындалмаған.

«Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесінде сот құжаттарының электрондық мұрағаты» тақырыбына семинар сабағы

07/06/2016

Көксу  аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесінде сот құжаттарының электрондық мұрағатын толтыру жобасын дұрыс қолдану жөнінде сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Семинарлық оқуда сот қызметкерлері электрондық мұрағаттың дұрыс толтырылуына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Қапшағай қалалық сотында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті

07/06/2016

Қапшағай қалалық сотында үкіметтік  емес ұйымдардың өкілдерімен ««100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға судьялар Ж.Е.Заридзе, Ж.К.Жанболатов, М.Т.Әмірқұлов, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Қапшағай қалалық филиалының директоры А.Т.Қамбарова, Ауған соғысының Қапшағай қалалық ардагерлер одағының төрағасы М.Б.Кутеев және оның орынбасары Қ.Е.Молдабергенов, «Қапшағай қаласының жастар қоры орталығы» филиалының басшысы Е.Е.Нұрпейісов, «Бизнес Дайджест» газетінің тілшісі А. Мұқанова қатысты.

Қаратал аудандық сотында ашық есік күні

07/06/2016

Қаратал аудандық сотында аудан тұрғындарына  ашық есік күні  өткізілді.

Ашық есік күні құқықтық мәдениеттің деңгейінің көтерілуінің маңызды рөлін атқарады. Шара өтуі туралы жергілікті бұқаралық  ақпараттық құралдарында жарияланған.

Азаматтарды  сот төрағасы Ж.С.Арыстанбеков қабылдады.  Бірқатар сотқа келушілер өздерін мазалаған құқықтық сипаттағы сұрақтарға заңнамалық тұрғыдан түсіндірмелер алды.

Сот орындаушының әрекетсіздігі мәселесі жөнінде атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалау  жөнінде прокуратура органына шағымдану ұсынылды.