Архив событий

23/06/2016

Жамбыл аудандық сотында ашық есік күні

23/06/2016

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында, соттың ашықтығын нығайту үшін, қызметтің ашықтығы мен тиімділігін, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін деңгейін арттыру үшін, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін Жамбыл аудандық сотында ашық есік күні өткізілді.

Шараға Алматы  қаласының тұрғыны У.Бермухамедова өзі келіп,   жайында мұраны қабылдап алу үшін берілетін арыздың мерзімін ұзарту туралы, талап арызымен қалай сотқа жүгінуге болатыны жайында сұрады.

Сот төрағасы Е.Т.Үстелбаев түскен сұрақтарға заң талабына сай жауап берді.

Ұрлық жөніндегі іс қылмыстық медиация тәртібімен қысқартылды

23/06/2016

Балқаш аудандық сотымен Баканас ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық істі  жәбірленушімен татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы бөтеннің мүлкін   жасырын жымқырып бас пайдасына жарату мақсатында, өзін ешкім көрмей тұрғанын пайдаланып азамат Б.-ның үйінің ауласына заңсыз кіріп 15 000 теңге тұратын «GT-C3322» маркалы ұялы телефонын жымқырып,  ҚР ҚК-тің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасаған.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші кәсіби емес медиатордың көмегімен татуласты.

Жамбыл аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

23/06/2016

Жамбыл аудандық сотында «татуласу рәсімдері. Дауды медиация тәртібінде  реттеу» тақырыптарына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Жамбыл аудандық сотының судьялары,  аудандық әйелдерді қолдау орталығының басшысы, әділет басқармасы және  АХАЖ бөлімінің инспекторлары, сот орындаушы, ХҚКО және қамқоршы және қорғаншы бөлімінің мамандары, және аудан қорғаушылар қатысты.

Судья Г.Мұқанова Татуласу рәсімдерді институтының маңыздылығына тоқталып, 2016 жылы Жамбыл аудандық сотында татуласу рәсімдерін қолданумен 72 азаматтық  іс қаралғанын көрсетті.

Ұрлық бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

23/06/2016

Ұйғыр аудандық сотымен ұрлық жасағаны үшін айыпталушы Б.Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот отырысы барасында жәбірленуші медиация тәртібімен келісімге келуге ұсыныс білдірді.

Сот қаулысымен сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып,  іс ҚР ҚК-тің 68-бабы негізінде тараптардың бітімге келуіне байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Талдықорған қалалық сотында БАҚ өкілдерін құттықтады

23/06/2016

Талдықорған  қалалық сот төрағасы Ж.Сағымбеков жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық–саяси «Алатау» және «Искра Жетісу» газеттерінің, журналистерн алдағы келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мемлекеттік қызметшілер күні

23/06/2016

Талдықорған қалалық сотында Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай салтанатты түрде жиын өткізілді. Сот төрағасы Ж.Сағымбеков және кеңсе меңгерушісі А.Мадиев кіріспе сөздерімен сот қызметкерлерін мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Алматы облыстық сотында мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді

23/06/2016

           Алматы облыстық сотында бейне конференц байланыс арқылы облыстық сот қызметкерлерінің, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті.