Жамбыл аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл аудандық сотында «татуласу рәсімдері. Дауды медиация тәртібінде  реттеу» тақырыптарына дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Жамбыл аудандық сотының судьялары,  аудандық әйелдерді қолдау орталығының басшысы, әділет басқармасы және  АХАЖ бөлімінің инспекторлары, сот орындаушы, ХҚКО және қамқоршы және қорғаншы бөлімінің мамандары, және аудан қорғаушылар қатысты.

Судья Г.Мұқанова Татуласу рәсімдерді институтының маңыздылығына тоқталып, 2016 жылы Жамбыл аудандық сотында татуласу рәсімдерін қолданумен 72 азаматтық  іс қаралғанын көрсетті.

Семинар барысында қатысушылар соттардың шетел мемлекеттерінің соттық тапсырмаларын орындауы, жаңадан ашылған мән-жайлар немесе жаңа деректемелер негізінде сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу мәселелері талқыланды.

Шара қорытындысында қатысушылар қаралған мәселелер бойынша өзара пікір алмасты, медиацияны қолдану, шетелдік мемлекеттердің тапсырмаларын соттардың орындауы бойынша практикалық ұсынымдар әзірледі.