Архив событий

24/06/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық

24/06/2016

Талғар ауданының соты А.Колокольниковқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сот талқылауы барысында А.Е.Колокольников мектептің жанында  темекі шегіп, қалдығын жерге тастау арқылы қоғамдық орынды ластап,  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-тармағында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот құқықбұзушылығының сипатымен мінез-құлқын, сонымен қатар, іс бойынша мән-жайларды ескере отырып, А.Колокольниковқа қатысты әкімшілік жаза ретінде 1 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы жаза тағайындады.

Ақсу аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

24/06/2016

Ақсу аудандық сотында «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-нің төрайымы Б.Н.Құрманғалиева және «Жаңа леп. Жастар» ҚБ өкілі А.Д.Ахметтің қатысуымен  дөңгелек үстел  өткізілді.

Отырыс барысында Ақсу аудандық сотының судьясы Н.Д.Омарбековтың төрағалығымен тұрмыстық озбырлықтың алдын алу, әйелдерге қатысты кемсіту бойынша сұрақтарды жою және гендерлік теңдікке жәрдемдесу сұрақтары талқыланды.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

24/06/2016

Текелі қалалық соты дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. 

Талапкер «Текелі энергокомплексі» ЖШС-нің жауапкер Б.-дан коммуналдық қарызы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі бойынша тараптар дауды өз құқықтарын пайдалана отырып, судьяның қатысуы арқылы медиация тәртібінде дауды реттеуге ниет білдірген.  Келісімнің шарттары бойынша талапкер өзінің талап-арыз талаптарынан бас тартады, ал жауапкер талап қоюшыға коммуналдық қарызын  15 қазан 2016 жылға дейін төлеуге  міндеттенеді.

Көксу аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдау өткізді

24/06/2016

Көксу аудандық сотының төрағасы Қ.М.Иманханов кезекті азаматтарды қабылдау өткізді.

Бұл шараға Балпық би ауылының тұрғыны, Көксу аудандық сотымен 2015 жылы шығарылған сот актісінің ұзақ уақыт бойы орындалмағаны туралы мәселе бойынша заңдық көмек көрсету үшін жүгінді.

Бұл мәселе бойынша сот төрағасы заңнамағасәйкес түсінік беріп, толық жауап берді.

Ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді

24/06/2016

Алакөл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Б.М.Темірбеков және Қабанбай ауылдық округі әкімі Б.К.Алтаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсіміне аудандық сот судьясы Д.Турехулов, аудан әкімінің кеңесшісі Б.Капсаламов және ауыл белсенділері қатысты.