Ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алакөл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Б.М.Темірбеков және Қабанбай ауылдық округі әкімі Б.К.Алтаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсіміне аудандық сот судьясы Д.Турехулов, аудан әкімінің кеңесшісі Б.Капсаламов және ауыл белсенділері қатысты. 

Аталған құжатқа орай, аудандық сот пен әкімдік арасында дауларды медиация тәртібімен шешу жолдарын дамыту, қылмыстық, азаматтық істер бойынша дау (жанжалдарды) шешу барысында медиация институтын кеңінен қолдану және медиация институтын халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу қарастырылған. 

Шара барысында сөз салған сот төрағасы Б.Темірбеков, мемлекет тарапынан дауларды шешудің баламалы әдістеріне көп көңіл бөліненітінін, оның ішінде, медиация институты аса маңызды орын алатынын, бұл ынтымақтастық туралы меморандум жергілікті халыққа құқықтық қолдау көрсету мақсатында жасалғанын және халық игілігіне іске асырылатынына сенім білдіретінін айтты.