Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңын қолданудың бірқатар мәселелері»  тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық әділет департаментінің атқару өндірісін есепке алу және қадағалау бөлімінің өкілі қатысты.

Шара барысында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңын тәжірибеде қолданудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сот төрағасы мен әділет департаментінің өкілі барлық туындаған сұрақтар бойынша өзара пікір алмасты.