Қапшағай қаласының тұрғындарына және ҮЕҰ өкілдеріне татуласу рәсімдері түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қапшағай қалалық соты Қапшағай қаласының әкімдігі ғимаратында «Татуластыру рәсімдері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Қапшағай қалалық сотының төрағасы Ж.Батыров, судья Ж.Жанболатов, отставкадағы судья Б.Сахариев, Қапшағай қаласының әкімі аппаратының жетекшісі Ғ.Әбдішүкірұлы, Қапшағай қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Нұрқадыров, Шеңгелді және Заречный селолық округтерінің әкімдері: Е.Қойлыбаев, Б.Дүйсенбаев, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі А.Заманбекова, кәсіпқой медиатор Б.Мұқашев, кәсіби емес медиатор М.Аленов, жергілікті мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-ның өкілдері, қала тұрғындары және «Нұрлы Өлке», «Бизнес Дайджест» газеттерінің тілшілері қатысты.

Сот төрағасы Жанболат Батыров өз сөзінде, аталған  шара Қапшағай қаласының тұрғындарына татуласу рәсімдерін, электрондық «Сот кабинеті» сервисі туралы түсіндіру мақсатында өтіп жатқанын, Шеңгелді ауылдық округінің тұрғындарына ыңғайлы болу үшін талап-арыздар мен өтініштерді «Сот кабинеті» арқылы кеңес көрсету бағыттағы бұрышы ашылғанын айтты.

"Халықаралық құқық қорғау орталығы" қоғамдық бірлестігінің өкілі А.Заманбекованың айтуынша, медиацияның басты мақсаты болып - өзара тиімді, бейбіт келісімге келіп, оның шарттары дауласқандардың  деңгейін төмендету болып табылатындығы екенін айтып кетті. Сондай-ақ, медиация  рәсімдерін қолдану, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың жұмысы туралы айтып, қатысушылардың қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.

Қатысушылар, дөңгелек үстел қорытындысында өзекті мәселелерін талқылап, пікір алмасып, сот төрағасы Ж.Батыров «Жетісу» телеарнасына сұхбат берді.