Студенттер соттың жұмысымен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Аудандық соттың жұмысымен танысу» тақырыбына ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күні қаладағы колледждердің бірінің заң факультеті студенттерінің қатысуымен өткізілді. Болашақ құқық саласының мамандарын судья Арайлым Мынжанова сот жұмысымен таныстырды.

Судья Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нормалары мен негізгі жағдайын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, судья бүгінде әрбір сот залы дыбыс-бейне қондырғыларымен жабдықталғанын, бұл өз ретінде сот ашықтығын қамтамасыз ететінін атап өтті. Ашық есік күніне қатысушыларға кеңсе менгерушісі Самал Қалмақбаева «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйесі туралы ақпарат берді. 

Студенттер қызықты да, пайдалы түсіндіру әңгімесіне алғыс білдіріп, осындай шаралардың пайдалы екенін айтты.