Архив событий

03/05/2016

5 тонна балық тәркіленді

03/05/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты  ҚР ӘҚБтК-тің 389-бабы 2-бөлігімен  жеке кәсіпкер О.К.Хамитоваға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасағаны үшін әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәкес, жеке кәсіпкер ағымдағы жылдың қыс мезгілінде ұсталған. Балық тасымалдауға тиісті құжаттардың жоқтығы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік айыппұл ретінде  4 000 кг  балық тәркіленген.

Алайда, кәсіпкер, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін ешқандай қорытынды шығармай, жаңадан әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні

03/05/2016

Текелі қалалық сот төрағасы Е.М.Қасымбеков Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізді.

Осы шараға судьялар, сот мамандары, «Текелі қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің өкілдері Д.Ш.Нигматуллин және М.В.Кихтева, қорғаушылар С.А.Бекішев және В. С. Федоров қатысты.

Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу

03/05/2016

Панфилов аудандық сот төрағасы А.К.Әбдраимов, судьялар және   кеңсе меңгерушісінің қатысуымен «Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу» тақырыбына семинар сабақ өткізді.

Өз баяндамасында сот төрағасы «Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу сот төрелігін  тиімділігінің арттыруға мүмкіндік береді, өйткені құқық бұзушылық жасалған уақыт пен кінәлі  тұлғаға қатысты сот қаулысы шығу арасындағы уақытты барынша қысқартады, ауыр емес және ауырлығы орташа, ауыр қылмыс істері бойынша жүргізіледі.

Дау медиация тәртібінде реттелген

03/05/2016

Текелі қалалық соты медиация тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім бекітті.

Ажырасу туралы  азаматтық iс тараптары, өз құқығын пайдалана отырып, ерлі-зайыптылар түсінушілікке келіп,  отбасын сақтауға міндеттене отырып, медиация жолымен дауды шешуге ниет білдірді.

Сот дауды (жанжалды)  медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. Іс бойынша іс жүргізуді қысқартты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

03/05/2016

Алакөл ауданының № 2 аудандық соты құқық бұзушы С.Владимировқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Iс материалдарына сәйкес, 2016 жылғы 22 сәуірде  сағат 06.30 шамасында  құқық бұзушы «Мерседес» автокөлігін мас күйінде жүргізген.

Сот қаулысымен С.Владимиров ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Студенттерге арналған Ашық есік күні

03/05/2016

Панфилов аудандық сотында Жаркент қаласының Гуманитарлық колледж студенттері үшін ашық есік күні өткізілді.

Судьялар сот жүйесінің жаңа инновациялары, оның ішінде басты сот талқылауында дыбыс-бейне жазу, «Сот кабинеті» арқылы істерді қабылдау, SMS-қызметі арқылы хабарлама жасау туралы айтып өтті. Сондай-ақ студенттер басты сот талқылауына қатысты.   

Қорытындылай келе, судья Э.О.Асубаева өз тәжірибесімен бөлісіп, мамандық таңдау туралы кеңес берді. Студенттерді диплом алдындағы практикадан өтуге шақырып, емтихандарын табысты өткізулерін тіледі.

Сот дауы медиация тәртібінде реттелген

03/05/2016

Қаратал аудандық соты Р.Ж.Жалдыбаеваның С.С.Оразбаевадан қарыз өндіріп алу туралы   талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады. 

Сот отырысында айыпталушының өкілі дауды (жанжалды)  медиация тәртібімен реттеу келісімін бекіту туралы өтініш берген. Талапкер, жауапкердің өкілін қолдайтынын айтып, соттан келісімді бекітуді сұрады.

Сот ұйғарымыменен дауды медиация тәртібімен реттеу бітімгершілік келісімі бекітілді.