Архив событий

11/05/2016

Медиация отбасын сақтап қалды

11/05/2016

Талдықорған  қалалық  соты неке бұзу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен шешілді.

Өзінің талап арызында талапкер мен жауапкер 2012 жылы неке құрып, ортақ некеден бір бала тәрбиелеп отырғанын, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан некесі жараспағанын көрсеткен. Ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, ортақ мүлікті бөлу және балаларды тәрбиелеу туралы даудың жоқтығын ескеріп, некені бұзуды сұраған.

МКК "Көксужылу" және борышкер арасында медиативтік бітімгершілік келісімі жасалды

11/05/2016

Көксу аудандық соты «Көксужылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының талабы бойынша көрсетілген қызметі (жылу энергиясы) үшін қарыз ақшаны өндіріп алу туралы Балпық би ауылының тұрғына байланысты  азаматтық іс қарады.

Істі қарау барысында тараптар істі медиация тәртібімен татуласу арқылы шешіп, сотқа істі шешу бойынша келісімшарт ұсынды осы негізде 2016 жылдың 25 шілдесіне дейін қарыз 55 525 теңге ақшаны өндіріп беруге тиіс.

Сот дауды медиация тәртібімен шешуді бекітіп, іс өндірісін тоқтатты.

Сот  ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.  

Сот жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп таныды

11/05/2016

Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соты  Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының талап арызы бойынша жауапкер жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – ЖШС), «Еңбекшіқазақ ауданының әділет басқармасы» ММ-не әділет басқармасындағы ЖШС тіркеуі кезінде құқық бұзушылық орын алған, сол себепті  мемлекеттік тіркеу заңсыз деп танылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сот отырысы нәтижесі көрсеткендей және сот талқылауы барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жалған кәсіпкерліктің белгілері бар екендігі анықталды.

Жәбірленуші дөңгелектерді ұрлаған көршісін кешірді

11/05/2016

Сарқан аудандық соты Сарқан қаласының тұрғыны, көршісінің моншасында жуынып болғаннан кейін, қорасынан трактор тіркемесіне арналған әрқайсысының құны  10 000 теңгені құрайтын, 2 дөңгелекті  ұрлағанына   қатысты қылмыстық іс қарады.

Тыңдауда сотталушы өз  кінәсін толық  мойындады.

Сот, сотталушының жәбірленушімен татуласуына және келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 68 – бабы 1 - бөлігі негізінде сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босату туралы қаулы шығарды.

Қапшағай қалалық сотында жоғалған атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру мәселесі талқыланды

11/05/2016

Қапшағай қалалық сотында "Жоғалған атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру өндірісі" тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Осы іс – шараға Алматы облысының жеке сот орындаушысы Г.А.Қамамбаев, Д.Нұрсадықова, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысы Әділет департаментінің сот актілерін орындау бойынша Қапшағай аумақтық бөлімі филиалының аға сот орындаушы Р.С.Бухпантаева,  сот орындаушы А.Б.Абдыкадырова, «Бизнес Дайджест» газетінің журналисті –Айна Мұқанова қатысты.