Архив событий

12/05/2016

Алаяқтық жасау

12/05/2016

Текелі қалалық соты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша (алаяқтық, яғни алдау жолымен бөтен мүлiкті жымқыру) С.-ға қатысты  қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы С. Текелі қаласының «Олимп» дүкенінде  А-ға тиесілі жалпы сомасы  47 250 теңге  консигнациясы (қарыз) бар екенін біліп, аталған консигнацияны алаяқтық жолмен иемдену ойы пайда болған. Дүкенге кіріп,  сатушының сеніміне кіріп, А. атынан келіп тұрмын деп алдап,  алаяқтық жолмен консигнацияны иемденіп алған.

Дау медиация тәртібімен реттелді

12/05/2016

Балқаш аудандық соты талапкер Е. жауапкер Ш-дан сатылған  автокөліктің ақша сомасын қайтару туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Талапкер өзара ауызша келісіміне сай, жауапкерге 5 бас мүйізді ірі қара мал берген. Кейіннен бұл автокөлік банкте кепілде тұрғаны белгілі болып, талапкер  жауапкерден  сатып алынған автокөлік үшін ақша сомасын  қайтаруды сұраған. Жауапкер ақшаны жақын арада қайтарып берем деген қолхат жазып берген. Бірақ жауапкер ақша сомасын қайтарып беруден бас тартып, осыған байланысты талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Мас күйінде көлік басқарғаны үшін жазаға тартылды

12/05/2016

Балқаш аудандық соты ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігінде көзделген (көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.Дмитриевқа қатысты  әкімшілік іс қарады.

Осылайша, А.Дмитриев көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып келе жатқан кезде Балқаш аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерімен ұсталған. Бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартылды

12/05/2016

Қаратал аудандық сотында тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты В.Я.Кимге қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Іс материаларына сәйкес, В.Я.Ким ҚР  ҚК-тің 188-бабы 2-бөлігі 2 тармағында (бірнеше рет ұрлық жасау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленушілер татуласқан. Сот қаулысымен медиация тәртібімен татуласу туралы келісім бекітілуіне байланысты  іс жүргізу қысқартылды.

Ауған соғысының жауынгерлерімен кездесу

12/05/2016

Бүгін Панфилов аудандық сотының судьясы Э.О.Асубаева және кеңсе менгерушісімен Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья сот жүйесінің жаңашылдықтары, сот ашықтығы, «Сот кабинеті» Интернет-ресурсы арқылы арыздарды қабылдау, сот процестерінде дыбыс-бейне жазбаны қолдану туралы  ардагерлердің сұрақтарына жауап берді. Соттағы медиация арқылы, партисипативтік және татуластырушы судья арқылы  жасалатын  татуласу  рәсімдерін түсіндірді.

 Кездесу соңында ардагерлер өздерінің соғыста өткен жылдарын айтып өтіп, танымды әңгіме үшін алғыстарын білдірді.

Адамдар тобымен жасалған бұзақылық

12/05/2016

Текелі қалалық соты ҚР ҚК-тің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (адамдар тобы жасаған бұзақылық) екі ағайындыға қатысты қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушылар мас күйінде адамдар тобы іс-әрекетін құрып, қоғамға анық құрметсіздік білдіре отырып, бұзақылық ниетпен, ерекше қоғамдық тәртіпті бұзып, оларға арақ бөтелкесін сатып  алудан бас тартқан бейтаныс жігітті соғып,  оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Тілшілерге арнайы брифинг өткізілді

12/05/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық және жергілікті газет тілшілерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 4 айында сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелері бойынша брифинг өткізілді.

Судьяға алғыс

12/05/2016

Алматы облысы қорғаушылар алқасының қорғаушысы А.М.Закарьяновтың мүддесін білдірген А.Файзуллаевтан Алакөл аудандық сот төрағасы Шалқар Нұрғазыұлы Талданбаевтың атына алғыс хат түскен.

Осылайша, Ш.Н.Талданбаев ҚР ҚК-тің  176-бабы 3-бөлігі бойынша А.М.Закарьяновқа қатысты қылмыстық іс қараған. 2016 жылғы  25 ақпандағы сот үкімімен А.М.Закарьянов іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағаны үшін ақталған. Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасымен 2016 жылы 12 сәуірде бұл  үкім өзгеріссіз қалдырылды.