Архив событий

25/05/2016

Мемлекеттік тілдегі құжаттардың сапасын арттыру

25/05/2016

Шараға Талғар аудандық сотының судьялары М.Н.Текетаев, А.Т.Қожанов, «Талғар» газетінің редакторы Ф.Ержанова, қорғаушы  А.Баяхметова, Талғар әкімінің өкілі Р.С.Алимжанов, Талғар ауданының сот орындаушысы А.Қазбекова қатысты.

Судья М.Н.Текетаев өз баяндамасында облыстық және оған теңестірілген соттарда мемлекеттік тілде қаралған істер бойынша мемлекеттік тілдегі жалпы құжат айналым үлесі 2015 жылында  66,2% -ды құрағанын атап өтті.

Көксу аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуына қиындық тудыратын сұрақтар» тақырыбына конференция өткізілді

25/05/2016

Конференцияға Көксу аудандық прокуратурасының прокуроры  Л.Сүлейменова, Әділет департаменті және мемлекеттік  сот орындаушылар мен  жеке  сот  орындаушылардың  қызметкерлері қатысты.

Көксу  аудандық  сот төрағасы  Қ.М.Иманханов конференцияны ашу баяндамасында сот актілерінің орындалуына қиындық тудыратын сұрақтар мен элоктрондық атқару парақтарының жіберілуі жөнінде мәселеге тоқталды.

Сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды

25/05/2016
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты жазаны өтеуден шартты түрде мерзімнен бұрын босату  туралы сотталғанның өтініш хатын қарады. 
Іс материалдарына сәйкес, 2014 жылғы 19-ші маусымында сотталған Д.-ға ҚР ҚК-тің 175-бабы 2-бөлігі «в» тармағымен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Сотталған Д. №2 Еңбекшіқазақ аудандық пробация қызметінде 2015 жылғы 14-ші сәуірінен   бастап есепте тұрған.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотында ашық есік күні

25/05/2016

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотында ашық есік күні өткізілді. Келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы Б.Чутанбаев қабылдады.

Ашық есік күні шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Қайрат аулының тұрғындары К.Молдасанова және Б.Жанабилов заң көмегіне өтініш білдірдіп, сот шешімнің орындалуы бойынша мүліктік және рухани залалды өндіру туралы сұрақтармен жүгінді.

Алиментті өндіріп алу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

25/05/2016

Ескелді аудандық соты баласы үш жасқа толғанша жұбайын асырап-бағуға алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық  істі қарау барысында, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

 Жауапкер баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайын асырап бағуға ай сайын 20000 теңге төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарыммен аталған  келісімді бекітіліпп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Жұбайлар сотта медиация тәртібімен татуласты

25/05/2016

Қаратал аудандық соты неке бұзу туралы арызы бойынша азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды)  медиация тәртібімен реттеу туралы  келісім бекітті.

Сот отырысы барысында, тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келді. Шарт бойынша талапкер өзінің арызынан бас тартып, тараптар отбасылық құқықтары мен міндеттерін орындауға міндеттенді.

Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді  қысқартты.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

25/05/2016

Талап қоюшы «А» ЖШС «Б» ЖШС-нен 300 000 теңге қарызды өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Осылайша,  25.07.2014-30.05.2015 жылдар аралығында талапкер  жауапкер «Б» ЖШС-не  12 000 дана кірпішке 1 800 000 теңге аударған. Алайда жауапкер, өз міндеттемелерін бұзып,  сомасы 300 000 теңге құрайтын  саны 2000 дана кірпіш алып жеткізілмеген, бұл іс материалдарымен расталады.