Архив событий

13/05/2016

Қарасай аудандық сотында Алматы облыстық соты судьяларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

13/05/2016

Қарасай аудандық сотында Алматы облыстық сот судьяларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Қарасай ауданында сот жер дауларын шешуге байланысты туындайтын өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар Алматы облысының Қарасай аудандық соты судьялары, прокурорлар, әкімдік, Әділет департаментінің, жер-кадастрлық кеңселер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сот ғимратына өткізу және объктілік режимді қамтамасыз ету - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

13/05/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сотында «Сот ғимратына өткізу және объктілік режимді қамтамассыз ету - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақыбырына  семинар  өтті.

Іс-шараға Еңбекшіқазақ аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Қайырбаева, сот қызметкерлері, аудан прокурорының көмекшісі А.Жақашев, Еңбекшіқазақ аудандық МКҚБ-ның полиция қызметкері Ғ.Молдашев  және  аға-сот атқарушы А.Салықов қатысты.

Сот арызды қанағанттандырды

13/05/2016

Текелі қалалық сотымен  арызданушылар Б. және С.-ның мұраны қабылдаудан бас тарту үшін мерзімін ұзарту туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

13/05/2016

Көксу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Ж.Баймұқашеваның,  бастамасымен «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына Көксу ауданы прокурорының орынбасары А.М.Қожабеков, Көксу ауданы ІІБ басшысының орынбасары Р.Н.Дауылбаев, заң кеңсесінің қорғаушысы Т.Д.Досанов, Көксу ауданы «Казақтелеком» бөлімінің басшысы З.Т.Толкынбекова, нотариус К.К.Абишев қатысты.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», - атты баяндамасымен  кеңсе меңгерушісі А.Ж.Баймұқашева сөз сөйледі.

Колледж студенттеріне арналған ашық есік күні

13/05/2016

В Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті. Аталған шараға Жетісу әлеуметтік гуманитарлық колледжінің заң пәндер кафедрасының «Құқықтану» мамандығы топтарының оқушылары қатысты. Шараны өткізудің басты мақсаты жас буын өкілдерінің құқықтық санасын көтеру және болашақ заңгерлерді сот жұмысымен таныстыру болды.

Дауды медиация тәртібімен шешу мәселесін түсіндіру

13/05/2016

Қаратал аудандық  соты дауды медиация және партисипативтік  рәсім тәртібімен шешу және оны рәсімдеу мәселелерін түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судья Ж.Д.Нүсіпова, кәсіпқой емес медиатор, аудан прокурорының  көмекшісі және қорғаушы қатысты.

Іс-шара барысында Қаратал аудандық  сотының судьясы Ж.Д.Нүсіпова жаңа Азаматтық-процестік кодекстің жаңалықтары, атап айтқанда, дауларды медиация және партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеудің ерекшеліктері мен оны рәсімдеу мәселелері бойынша баяндама жасады.

Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы Жетісу Заң колледжі студенттеріне дәріс оқыды

13/05/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы Н.М.Киекбаева Жетісу Заң колледжі студенттеріне «Жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың парызы» тақырыбына дәріс оқыды.

Судья Н.М.Киекбаева  өз сөзінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр адамның міндеті мен борышы екендігін, сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің экономикалық саяси дамуына нұсқан келтіретінін, сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ең маңызды жұмыстардың бірі болып табылатындығын  айтып өтті.

Аталған іс-шара соңында судья студенттердің  сұрақтарына жауап берді.