Архив событий

16/05/2016

Сату-консультантына (кеңесшісіне) қатысты қылмыстық іс қаралды

16/05/2016

Қапшағай қалалық соты ұрлық жасаған сату-консультантына (кеңесшісіне) қатысты қылмыстық іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, А.И. сату-консультанты(кеңесшісі)бола тұра, «Три-А» компаниясының өнімдерін таратуымен айналысқан,  атап айтқанда су араластырғыштарға арналған үнемдеу қондырмаларын сатқан.

Өнімді сату мақсатындаА.И. және оның әріптесі жұмыс бабымен өз өнімдеріне жарнама жасау үшін пәтерлердің біріне кірген.

Қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға ұшырады

16/05/2016

Кербұлақ аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-тің 608- бабы 6-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған К-ге қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, К. азаматы автокөлік басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйінде көлікті басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы К.  кінәсін толық мойындаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы аталған бап бойынша кінәлі деп танылды. Оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жол-көлiк оқиғасын жасағаны үшін жазаланды

16/05/2016

Іле аудандық соты жол-көлiк оқиғасын жасаған Р.Ерқожаға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай,  2014 жылдың 30 мамырында Р.Е.Ерқожа жүк автокөлігін басқара отырып, қарсы қозғалыс жолына шығып, «Тойота» маркалы автокөлігімен соқтығысты. Нәтижесінде «Тойота» автокөлігінің бір жолаушысы қайтыс болған.

Алдын ала тергеу органдарымен қылмыстық іс жүргізу заңнамасының ережелерінің өрескел бұзылуы жіберілген. Бірнеше рет істі қысқарту туралы шешім шығарылып, әуре-сарсаңға салушылық және ұзақ тексерулерге әкеп соққан.

Құқық бұзушы кінәлі деп танылды

16/05/2016

Кербұлақ аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-тің 669-бабы бойынша Ж.К.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, құқық бұзушы Ж.К. ұзақ уақыт кәмелетке толмаған баласын асырау үшін  алимент төлеуден бас тартқан.

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылды. Оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.