Архив событий

23/05/2016

Әкімшілік жолмен шығарып жiберуге ұшыраған

23/05/2016

Қаратал аудандық соты Ресей Федерациясының азаматы Е.А.Соловиченкоға қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттары бойынша, 2016 жылдың 4 мамыр күні Алматы-Новосибирск поездінің вагонынан азамат Е.А.Соловиченконың құжаттарын тексеру барысында Қазақстан Республикасында көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпегендігі анықталды.

Сот отырысында Е.А.Соловиченко өз кінәсән мойындады.

Сату және сатып алу келісім шартын жарамды деп тану

23/05/2016

Талдықорған қалалық соты  талапкер Т-ның жауапкер Х-ға сату және  сатып  алу келісім  шартын жарамды деп танутуралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер 2002 жылдың қаңтар айының 21 күні жауапкерден пәтер сатып алған. Алайда, мәмілені тіркеуге үшін ақша жетпеген. Осы уақытта пәтер ақшасын толығымен төлеп беріп, жауапкер Х.-дан пәтердің түп нұсқа  құжаттарын алды. Осы уақытқа дейін пәтердің барлық коммуналдық  шығындарын  төлеген  және  аталған  пәтерге жөндеу жұмыстарын жасаған.       Сондықтан сотты араларындағы жасалған сату және сатып алу келісім  шартын жарамды деп тануын сұрады.

Көші-қон заңнамасын бұзған

23/05/2016

Ақсу аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

 Құқық бұзушы Б.Шойюсупов Қазақстан Республикасына келіп, тіркеуге тұрғанда 26.04.2016 жылға дейін болатындығын көрсеткен.

 Алайда, құқық бұзушы көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде ел аумағынан кетпеген, осымен көші-қон заңнамасын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

Сот медиациясы туралы

23/05/2016

Көксу аудандық сотында «Сот медиациясы туралы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.  

Шараға Көксу аудандық прокуратурасының прокуроры Д.М.Бейсенов, Көксу аудандық әкімдігінің өкілі А.Кисметов сонымен қатар Балпық ауылдық округының медиаторы К.С.Жұмағулова, Мұқыры ауылдық округыныңың медиаторы Н.К.Сүлейменов және БАҚ өкілі Е.Қабдеш қатысты. 

Сот меншік құқығын тоқтатты

23/05/2016

Текелі қалалық соты талапкер «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жауапкер С-ға қойған меншік құқығын тоқтату туралы талап-арызы бойынша және С-ның «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бірдей пәтер беру туралы қарсы арызы бойынша азаматтық іс қарады.