Архив событий

26/05/2016

Қылмыстық теріс қылық қаралды

26/05/2016

Текелі қалалық соты қылмыстық теріс қылық жасаған, қасақана ойымен, салмағы 30,15 грамм марихуана есірткі затын өзіне жеке пайдалану, қабылдау бойынша өткізу мақсатынсыз заңсыз  сақтаған тұлғаға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-тің 296-бабы 2-бөлігімен ( есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Әкімшілік жазаға ұшыраған

26/05/2016

Райымбек ауданының № 2 аудандық соты С.Жұмановқа қатысты әкімшілік іс қарады.

 Әкімшілік іс материалдары бойынша, құқық бұзушы С.Жұманов 2016 жылдың 1-ші мамыр күні Тегістік-Текес тас жолында көлік құралын мас күйінде көлік құралын басқарған.

 Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігінде (көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару) қарастырылған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза ретінде үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сатып сату- сатып алу мәмілесі жарамды деп танылды

26/05/2016

Текелі қалалық соты талапкер М.-ның жауапкер С.-ға қойған сату сатып-алу шартын жарамды деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Талапкер өз  арызында 1999 жылдың шілде айында С.-дан   пәтер сатып алған.  Жауапкерге заңдылық құжаттарды және жазбаша қолхат берген. Бірақ  талапкердің Қазақстан Республикасының азаматтығы болмаған және материалдық жағдайына байланысты ол пәтерді өзінің атына тіркеуге мүмкіндік болмаған, ал  азаматтықты алғаннан кейін талапкерді таппағанын көрсетті.

Прокурордың талап арызы қанағаттандырылды

26/05/2016

Көксу аудандық сотына Қапшағай қаласының прокуроры К.Имберлиннен мемлекет мүддесі үшін 58 454 тенге көрсетілген медициналық көмек соммасын өндіру туралы талабымен жүгінді.

Қапшағай қаласының прокуроры өз талабында К.Имберлин Алматы-Өскемен тас жолының оңтүстік бағытында қозғалып, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін көрсетті.

Қапшағай қаласының орталық ауруханасының анықтамасына сәйкес  жергілік бюджет есебінен көрсеткен медициналық көмек соммасы 58 454 теңгені құрайды.

Сот актілерін орындау

26/05/2016

Бүгін Ақсу аудандық соты «Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Шараға судьялар және кеңсе қызметкерлері, Ақсу аумақтық сот орындаушылар бөлімшесінің өкілдері, прокуратура және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі қатысты.

Ақсу аудандық сот төрағасы А-О.Т.Жақсыбаев өз баяндамасында сот және құқық қорғау жүйесінің беделі мен тұрғындардың сот төрелігіне сенімділігі сот актілерінің орындалу мәселесінің маңыздылығын атап өтті.

Көлік құралын мас күйінде басқарған

26/05/2016

Қаратал аудандық соты С.А.Ивановқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттары бойынша, 2016 жылдың 19 мамыр күні шамамен түнгі сағат  00:30-да С.А.Иванов  мас күйінде, көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, «Урал» маркалы мотоциклін басқарғандығы анықталды.

Сот отырысында С.А.Иванов өз кінәсән толық мойындады. 

Сот қаулысымен С.А.Иванов ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған жаза ретінде 20 күн мерзіміне қамаққа алынды.

Сот жүйесін жетілдіру

26/05/2016

Қаратал аудандық сотында «Бастау» жергілікті газет тілшісінің қатысуымен  «Сот жүйесін жетілдіру» тақырыбына брифинг өткізілді.

Сот төрағасы Ж.С.Арыстанбеков өз баяндамасында Мемлекет  басшысының қабылдаған «Ұлт жоспары» мемлекеттік құрылыстың дамуын, мемлекеттік қызметті реформалауды, елдің экономикалық дамыуын қамтамасыздандыру, қазақстандық бірлікті бекіту және азаматтық қоғамның тұтастығын көрсететіндігін атап өтті.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/05/2016

Қаратал аудандық соты ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін  Өзбекстан Республикасының 10  азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, шетелддіктер Алматы қаласына келіп, уақытша тіркеуге тұрған. көші-қон карточкасының құжаттарын тексеру кезінде келу мақсатты көрсетілген мақсатына сай болмаған.

 Сот қаулысымен құқықбұзушылар ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.