Архив событий

30/05/2016

ХҚКО-ның жұмыскерлеріне арнайы семинар сабақ

30/05/2016

Ақсу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында Ақсу аудандық сотының кеңсе меңгерушісі С.С.Иманжанова ХҚКО-ның жұмыскерлеріне және келушілерге  «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолданудың тиімділігі  туралы семинар сабақ өткізді.

Медиация тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

30/05/2016

        Алакөл ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау) айыпталушы А.Б.Петровқа қатысты қылмыстық іс қарады.

         Қылмыстық істі қарау барысында сотталушы А.Б.Петровпен жәбірленуші дауды медияция арқылы  шешу үшін медиаторға жүгінді.

         Медиация рәсімдерінің нәтижесі бойынша сотталушы мен жәбірленуші арасында «Медиация туралы» Заңының талаптарына сәйкес дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазабаша келісім жасалды.

Сот актілерінің айғақ заттарға қатысты бөлігінде орындалуы

30/05/2016

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы судья А.С.Алдабергенов «Сот актілерінің айғақ заттарға қатысты бөлігінде орындалуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары Е.С.Жанұзақов және А.Б.Мынжанова, облыстық прокуратура өкілдері М.К.Қазығулов, Д.О.Кәрібаев, облыстық ІІД-нің өкілдері Б.И.Идеалов, А.К.Әлменова, К.А.Інкежеков қатысты.

Дау медиация тәртібімен реттелді

30/05/2016

Талдықорған  қалалық  соты талап қоюшы У. жауапкер Ж.-дан 418 000  теңге  өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот отырысы барысында судья-татуластырушының қатысуымен медиативтік келісімге келген. Оған сәйкес, жауапкер талапкерге қарызды толық өтегенге дейін әр айдың бірінші күнінде 15 000 теңге төлеуге міндеттенді.

 Соттың ұйғарымымен медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім онда көрсетілген шарттармен бекітіліп, азаматтық iс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Көлік құралы салығы бойынша қарыз

30/05/2016

Текелі қалалық соты талапкер «Текелі қаласы бойынша кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер  Т.-ға қойған  көлік құралы салығын  өндіру  туралы  талап  арызы бойынша  оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен азаматтық іс қарады.

Қылмыстық іс қысқартылды

30/05/2016

Қаратал аудандық соты О.Тен азаматына қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Іс құжаттары бойынша, С.Мальцева  О.Тен азаматына қатысты ҚР ҚК-тің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) көзделген құқық бұзушылық жасаған деп сотқа шағымданған.

Басты сот талқылауында С.Мальцева жеке айыптаудан бас тартты.

Сот қаулысымен ҚПК-тің 35-бабы 1-бөлігі 5-тармағы бойынша О.Г.Тен азаматына  қатысты қылмыстық іс іс жүргізуден қысқартылды.

Қапшағай қалалық сот төрағасы студенттермен кездесу өткізді

30/05/2016

Қапшағай қалалық сотымен «Байтерек» Қапшағай колледжінің заң факультетінің 3 курс студенттеріне арнайы Е.Мұратов «Заң газеті» тілшісінің қатысуымен ашық есік күні өткізілді.

Сот төрағасы Ж.Ә.Батыров болашақ заңгерлерге жергілікті соттың  уәкілеттілігі, істердің қаралу мерзімдері туралы айтып, сот саласында қолданылатын жаңа технологияларды көрсетіп, ашық есік күні  шарасы құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.