Архив событий

24/05/2016

«Салауатты өмір салты» тақырыбына дәріс

24/05/2016

Текелі қалалық сотының судьясы Е.Дюсембаев Текелі қаласының № 8 орта мектебінің оқушыларына «Салауатты өмір немесе біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбына дәріс оқыды.

Шараға мектеп директорының орынбасарлары, сынып жетекшілері,  8-10 сынып оқушылары және «Текелі тынысы» газетінің өкілі Т.Мельник қатысты.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ашық есік күні

24/05/2016

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Байжүнүсов Талдықорған қаласының тұрғындары Т.Байсихов, А.Жаркен, М.Төлеуовтың  қатысуымен ашық есік күнін өткізді.

Б.Байжүнүсов сот жұмысы жайында,  алқабилер соты жайында,  сот жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы,  сондай-ақ қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы айтып өтті.

Балқаш аудандық соты «Нұр Отан» партиясының ғимаратында дөңгелек үстел өткізілді

24/05/2016

Балқаш аудандық сот төрағасы Бақанас ауылындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында  Балқаш ауданының ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «Медиация және татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сот төрағасы Ж.Байғожаев өз баяндамасында «Медиация – жанжалдарды шешу кілті, дауларды реттеудің ең тиімді баламасы. Сотқа дейінгі дауларды шешу, өзара тиімді және бейбіт келісімге қол жеткізу, дауласушылық деңгейін төмендету және екі жақты да қанағаттандыруға қол жеткізеді. Осылайша, тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдейді, сот жұмысын жеңілдетеді.

«Сот кабинеті» қызмет көрсету сервисі арқылы талап арызды жолдау

24/05/2016

Алакөл аудандық сотында Ушарал қаласының азаматтық істер бойынша прокуроры К.К.Ділдебаеваның, заң кеңсесінің меңгерушісі адвокат Т.Ш.Галиновтың қатысуымен  «Сот кабинеті» қызмет көрсету сервисі арқылы  талап арызды   жолдау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Сарқан аудандық сотында әкімшілік заңнаманы қолдану мәселелері талқыланды

24/05/2016

Сарқан аудандық сотында «Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнаманы қолдану туралы кейбір мәселелері» тақырыбына семинар өткізілді.

Судья Г.Баубекова өз баяндамасында әкімшілік істерді дұрыс қарау әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы сапалы жасауды талап етеді. Оның айтуынша, кейбір істерде хаттамалар мен материалдарды қате ресімдеу фактілері кездеседі.