Архив событий

31/05/2016

Кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен тараптардың татуласуы

31/05/2016

Балқаш  аудандық соты бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.

Қылмыстық іс материалдарынан, сотталушы өрісте жайылып жүрген құлынды  жасырын ұрлап, жәбірленушіге 150 000 тенгематериалдық залал келтірген.

Сот отырысында тараптар кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен медиация тәртібімен келісімге келді.

Еңбекшіқазақ аудандық сотында ашық есік күні

31/05/2016

Еңбекшіқазақ  аудандық сотының судьясы Е.А.Баймулдинов ашық есік күні барысында кезекті азаматтарды қабылдауын өткізді.

Қабылдауға аудан тұрғындары, сот орындаушылар, заң көмегінің қорғаушылары және ІІБ-ның қызметкерлері қатысты.

Шара барысында, Е.А.Баймулдинов ҚР Жаңа Азаматтық Процессуалдық Кодексте партисипативтік рәсімдерді қолданудың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Медиация тәртібі бойынша келісім

31/05/2016

Жамбыл аудандық соты «Казақтелеком» АҚ-ның жауапкер А.Теңгебаеваға телекоммуникация қызметтерін көрсеткен үшін қарызды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қарады.

Істі қарау барысында тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісіміге жетіп, ол бойынша А.Теңгебаева 2016 жылдың 16 маусымына дейін қарызды өтеуге міндеттенеді.

Сот, медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді қысқартты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Жол жүрісі қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқты

31/05/2016

Балқаш аудандық соты жол-көлiк оқиғасын жасағаны үшін азамат Ж.-ға  қатысты көлік құралын жүргізу құқығынан айырумен шартты сынақ мерзімі жазасын тағайындады.

Сот анықтағандай, азамат Ж. масаю күйінде жеңіл көлік құралын басқарып, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта келе жатқан жеңіл автокөлігімен соқтығысуына жол берген. Соқтығысуының нәтижесінде жеңіл автокөлігінің жүргізушісі көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Билік өкілін балағаттағаны үшін кінәлі деп танылды

31/05/2016

Кербұлақ аудандық соты билік өкілін  балағаттағаны үшін Д.Аханаевқа қатысты   қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, сотталушы Д.Аханаев масаң күйде Кербұлақ аудандық ІІБ-де қызметін атқару үстінде жүрген полиция қызметкерін балағаттаған.

Республикасының шегінен тыс шығарылды

31/05/2016

Кербұлақ аудандық соты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған, Қарашоқы ауылында заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезінде көші-қон қызметінің инспекторларымен ұсталған Өзбекстан Республикасының 6 азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.

Осылайша, Өзбекстан азаматтары шет ел азаматтары бола тұра, келіп, жұмысқа орналасуға рұқсат алмай еңбек қызметін жүзеге асырған.

Сот қаулысымен олар ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 5-бөлігі бойынша  кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы

31/05/2016

Жамбыл аудандық сотының судьясы Г.Мұқанова  «Жамбыл аудандық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ғимаратында «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою  гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбына семинар сабақ өткізді.

Г.Мұқанова өз баяндамасында  Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілген болатын. Басым міндеттерінің бірі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын азайту бойынша жұмыс болып табылады.

Заңсыз есірткі заттарын сақтау

31/05/2016

Кербұлақ аудандық соты ірі мөлшерде есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін М.Салиховқа қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, М.Салихов өзінің үйінің сарайында ірі мөлшерде жалпы салмағы 75,59 грамм, екі полимерлік пакетте оралған, «кептірілген марихуана» есiрткi заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған.

 Сот отырысында М.Салихов есірткі заттарын өз сарайында сақтап, қолданғандығын толық мойындады.

Талдықорған МАӘС азаматтарға қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу туралы материалдарды қарады

31/05/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу туралы 8 материал қарады. Ал, 2016 жылдың соңғы 5 айында сот барлығы 78 материал қарады.

      Сот анықтағандай, аталған азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарымен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, ешбір жерде жұмыс істемейді, кездейсоқ және уақытша тапқан табыспен өмір сүреді және олардың баспаналары болмағандықтан қанғыбастық өмір сүреді.