Архив событий

06/05/2016

Жамбыл аудандық сотының ұжымы соғыс ардагерін құттықтады

06/05/2016

Жамбыл аудандық сот ұжымы 9-мамыр Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күні мерекелеріне орай  89 жастағы соғыс ардагері Феодор Мельянович Ковалевті алдағы келе жатқан мерекесімен құтықтады. Соғыс ардагері соғыс кезеңіндегі ауыртпашылықты иығымен көтеріп, соғыстан кейіңгі күйзеліске төзе білгендігіне терең ризашылығын білдіріп, соғыстан кейінгі өз өмірінің көптеген жылдарын халқына қызмет етті.

Естелік ретінде  гүл және ақшалай сыйлық тарту етілді.

Өз кезегінде, соғыс ардагері құрмет білдіргені үшін алғысын сот ұжымына айтты.

Талдықорған МАӘС еңбек майданына қатысушыны Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71-жылдығын тойлау қарсаңында Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұжымы  Талдықорған қаласының тұрғыны еңбек майданына қатысушы Мария Григорьена Солдаткинаның үйіне барып қайтты. 

Сот ұжымы соғыс кезінде еңбек майданында жасаған  ерлігі үшін М.Г. Солдаткинаға алғысын білдіріп, мейрамымен құттықтап, сый-сияпатын ұсынды.  

Өз кезегінде Мария Григорьевна қонақтарға деген шексіз ризашылығын  білдіріп, денсаулық пен қызметте толағай табыс тіледі.

Талдықорған қалалық сотының ұжымы ардагерлерді құттықтады

06/05/2016

Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 71 жылдық мерекесі қарсаңында Талдықорған қалалық сотының  ұжымы Ұлы Отан Соғысының ардагерлері  Дильда Дауренбекованы, Александр Дмитриевич  Павленконы және Николай Федорович  Богдановты  мерекелерімен құттықтады.

Талдықорған  қалалық сотының ұжымы Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық,  ұзақ ғұмыр ыстық лебіздерін жеткізе отырып, дайындаған сыйлықты табыс етіп және осы  Талдықорған  қаласының  «Шах Нұр» мейрамханасында  түскі  ас  берді.

Көксу аудандық соты ардагерді құттықтады

06/05/2016

Көксу аудандық сот ұжымы Отан қорғаушылар және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҰОС ардагерлерін  құттықтады.

Бүгін, сот төрағасы Қ.М.Иманханов, судья Г.Садабаева сот мамандарымен бірге, фашизмді жеңуге үлес қосқан Көксу ауданы Балпық би  ауылының соғыс ардагері 93 жастағы Кулик Александр Григорьевич  кездесіп, ол кісіге алғыс білдіріп, құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтарын  табыс етті.

Құрметті демалысқа шығарып салу

06/05/2016

Райымбек ауданының № 2 аудандық соты жетекші маманы Сыбантаева Бақытхан Бекенқызы сот жүйесінде 15 жыл қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты.

Соттың төрағасы мен сот ұжымы Бақытхан Бекенқызы Сыбантаеваны зейнеткерлікке шығарып сала отырып, адал еңбегі және сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Төраға еліміздің игілігіне қолданылатын оның еңбегі мен тәжирибиесін ерекше атап өтті.

Мерекеңізбен Ұлы Отан соғысының ардагерлері

06/05/2016

9 мамыр Ұлы Отан Соғысы  Жеңісінің 71- жылдығы қарсаңында Райымбек ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Д.А.Дошкеев, судья Т.Б.Сексенбаев және кеңсе меңгеруші Б.К.Чулаков сот ұжымының атынан Ұлы Отан Соғысының ардагері Мусаев Чогамбаймен кездесу өткізді. Соғыс ардагері  соғыс кезеңіндегі ауыртпашылықты иығымен көтеріп,  соғыстан кейіңгі күйзеліске төзе білгендігіне терең ризашылығын білдіріп, соғыстан кейінгі бар өмірін ұрпақ тәрбиелеумен өткізген, 40 жылдай Б.Соқпақбаев атындағы орта мектепте директор болып қызмет атқарған.

Еңбекшіқазақ аудандық сотының ұжымы ардагерлерді құттықтады

06/05/2016

Жеңіс күні қарсаңында Алматы облысы Еңбекшіқазақ  аудандық сотының  ұжымы  Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін құттықтады.

Ардагерлерді келе жатқан Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір сүруін тілеп, ұжым атынан дайындаған сыйлықтарын табыс етті.

Өз кезегінде соғыс ардагерлері аудандық сот ұжымын құттықтап, келгендері үшін ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Ардагерді құттықтау

06/05/2016

7 – мамыр - Отан  қорғаушылар және 9-мамыр Женіс күні мейрамдары қарсанында Қаратал аудандық сот төрағасы Ж.С. Арыстанбеков ұжымның атынан  Үштөбе қаласының тұрғыны Ұлы  Отан соғысының ардагері Василий Акимович Петровты Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Соғыстың ауыртпалығын көтерген, өзінің өмірін өз отанына қызмет етуге арнаған, келешек ұрпаққа  тәуелсіз мемлекетті қалдырған ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Осы кездесуден естелік ретінде Ж.С. Арыстанбеков ардагерге сыйлық беріп, алғысын  айтты.

Арнайы елді мекендерде қоныстандыру фактісі анықталған

06/05/2016

Арызданушы  Кан В. арнайы қоныс аудару туралы фактіні анықтау туралы арызбен сотқа арызданған. Ол өзінің талабын дәлелдей келе, яғни оның ата-аналары ұлттық белгілері бойынша Приморск аймағынан Қазақстанға жер аударылған. Сонымен қатар, барлық отбасымен бірге арызданушыда 1956 жылға дейін арнайы қоныстануда арнайы комендатураның қадағалауында болған. Арызданушыға 1955 жылдан 1956 жылдар аралығында ата-анасымен бірге арнайы қоныс мекеніне аудару туралы фактісін анықтау қосымша жәрдемақы алу үшін қажет  болған.

Мамандандырылған ауданаралық сот қылмыстық істер туралы дөңгелек үстел өтті

06/05/2016

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сот қылмыстық істерге байланысты туындайтын мәселелер, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан, оның ішінде арнаулы атағынан айыру түріндегі қосымша жаза ретінде мүлікті тәркілеу жазасын қолданумәселесін қозғады.

Мерекелеріңізбен қымбатты ардагерлер!

06/05/2016

Алматы облысы №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ұжымы-Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71-жылдығын тойлау қарсаңында, соғыс ардагері Смағұл Шарипович  Төлепқұловты  құттықтады.

Талдықорған мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

06/05/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Н.Е.Қарабаев Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасына қателесіп төленген қаржыны кері қайтарудың жолдары бойынша сұрақтармен Талдықорған қаласының азаматтары   А.Г.Юн және Ж.Т.Койчуманов қабылдауда болды.

Сот төрағасы тарапынан қойылған әрбір сұраққа заң тұрғысынан жан-жақты жауаптар беріліп және жекелеген сұрақтар бойынша заңгерлік кеңестерге жүгінуге кеңес берілді.

Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша келген азаматтар сот тарапына  заңгерлік  көмек  көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Сот ұжымы еңбек ардагерін құттықтады

06/05/2016

Алматы облысы Талғар аудандық соты 9 мамыр Ұлы жеңіс күні қарсаңында еңбек ардагері Р.Айтбаевамен кездесу өткізді.

Соғыс жылдарында тылда Р. Айтбаева апай жеңіс үшін аянбай еңбек етті. «Кеңес халқымыздың ерлігі, ұстамдылығы мен патриотизмінің арқасында фашизмды жеңдік», - дейді ардагер.

Сот қызметкерлері Рызван Айтбаеваға денсаулық, батылдық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтау

06/05/2016

ПҚапшағай қалалық сот төрағасы Ж.А. Батыров және судья М.Т. Әмірқұлов  Ұлы Отан соғысының ардагері «Ұлы Отан соғысы ордені», Қапшағай қаласының құрметті азаматы және еңбек ардагері, «Жапонияны жеңгені үшін» медалі сонымен қатар басқа да көптеген медальдардың иегері - Максимов Александр Дмитриевичте  қонақта болып,   мерекесімен құттықтады.              

Сот төрағасы сот қоғамдастығының атынан ардагерді Жеңіс күнімен құттықтап, азық-түлік себетін тапсырды.                                                                

Ардагерлерді құттықтау

06/05/2016

Ескелді аудандық сотының ұжымы Ұлы Отан Соғысының ардагерлері Вахтин Семен Андреевичті, Голубев Григории Петровичті және Ещенко  Петр  Михайловичті  9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады.

Текелі қалалық сотының судьялары, сот жүйесінің ардагері және ҰОС тыл қызметкерін - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

06/05/2016

Текелі қалалық сотының төрағасы Е.Қасымбеков, судьялар және сот қызметкерлері Ұлы Отан Соғысының тыл еңбекшісі, сот жүйесінің ардагері 1935 жылы дүниеге келген - Елена Матвеевна Пономаренконы келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Елена Матвеевна Текелі қалалық сотында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Өзінің еңбек жолын сот хатшысы ретінде бастап, аға сот орындаушысына дейін көтеріліп, зейнетке шыққан.