Архив событий

27/05/2016

Орта мектеп мұғалімі жүргізуші құқығынан айырылды

27/05/2016

Ақсу аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігімен Д. азаматына қатысты   әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, азамат Д. автокөлігін алкогольды масаң  күйінде басқарып, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағы 2-тармақшасының талабын бұзған.

Д. азаматтың іс-әрекеті  әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша  сараланған.

Терроризм туралы жалған хабарлама бергені үшін сотталды

27/05/2016

Алматы облысы Ұйғыр аудандық соты  Райымбек ауданы, Жамбыл ауылының   тұрғыны С.Тоқановқа  қатысты қылмыстық  іс қарады.

Сот анықтағандай,  С.Тоқанов Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «112» номеріне хабарласып, «Алматы қалалық №7 ауруханасына жарылғыш зат қойылды деп, яғни  терроризм әрекетінің дайындалып жатқандығы туралы жалған  хабарлама берген.

Алакөл аудандық сотында азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Сот кабинеті» электрондық сервис бұрышы ашылды

27/05/2016

Алматы облысы Алакөл аудандық сотында электрондық сот төрелігін тиімді пайдалану үшін жаппай іс-шаралар қолдануына, өзінің айқын және ашықтығына байланысты, азаматтардың сот іс жүргізуіне қол жеткізу айтарлықтай жеңілдетті.

Бұл бағыттағы қабылданған шаралардың бірі болып талап арыздарды  жөнелту үшін «Сот кабинеті» электрондық сервис бұрышының ашылуы.

Ұсыныс қанағаттандырусыз қалдырылды

27/05/2016

Қаратал аудандық соты М.Е.Тыныбековке қатысты бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру бойынша ұсыныс қарады.

Іс құжаттары бойынша, М.Е.Тыныбеков  Қаратал аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-тің 175-бабы 2-бөлігі «в»тармағы бойынша 4 жыл  мерзіміне бас бостандығын айыру жазасы тағайындалған. Қапшағай қалалық сотымен өтелмеген 1 жыл 2 ай 25 күні айыру жазасынан шектеу жазасына ауыстырылған.

Қаратал аудандық сотында ашық есік күні өтті

27/05/2016

Қаратал аудандық сотында ашық есік күні өтті. Дәстүрлі шара аясында қабылдауға келген азаматтарды аудандық сот төрағасы Ж.С.Арыстанбеков өткізді.

Ашық есік күні шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Сот төрағасы  Ж.С.Арыстанбеков ауылының тұрғынының сұрақтарына жауап берді. Ашық есік күнінде негізінен консультативтік сипаттағы сұрақтар қойылды.