Терроризм туралы жалған хабарлама бергені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы Ұйғыр аудандық соты  Райымбек ауданы, Жамбыл ауылының   тұрғыны С.Тоқановқа  қатысты қылмыстық  іс қарады.

Сот анықтағандай,  С.Тоқанов Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «112» номеріне хабарласып, «Алматы қалалық №7 ауруханасына жарылғыш зат қойылды деп, яғни  терроризм әрекетінің дайындалып жатқандығы туралы жалған  хабарлама берген.

Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Алматы қалалық Ішкі істер департаментінен 11 автотехника және 35 қызметкер, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар Департаментінен 4 автотехника және 23 қызметкер бөлінген. 1 100 аурухана қызметкерлері және 600 емделіп жатқан науқас адамдар аурухана аумағынан  жедел көшірілген.

Жедел жүргізілген іс-шаралармен қандай да бір жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Сотталушы С.Тоқанов жасаған қылмысы үшін өз кінәсін толығымен мойындады және өкінетінін айтты, оны бас бостандығынан айырмауды  сұрады.

Өзінің қылмыстық әрекеттерімен сотталушы С.Тоқанов Алматы қалалық Ішкі істер департаментіне және Алматы қалалық Төтенше жағдайлар Департаментіне 51 364 тенге 13 тиын, 4 469 тенге 98 тиын мөлшерінде әр қайсына материалдық залал келтірілген

Сот үкімімен С.Тоқанов ҚР ҚК-тің  273-бабы бойынша  кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл  мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалып,  жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.