Архив событий

17/05/2016

Іс бойынша іс жүргізу қысқартылды

17/05/2016

Көксу аудандық соты  ҚР ҚК-тің 108 – бабы (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс жеке айыптау негізінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен туралы келісім бекітті.

Істі қарау барысында тараптар құқықтарын пайдалана отырып, медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеуге тілек білдірді.  Шарт бойынша, тараптардың татуласуына байланысты айыптаушы өз талабынан  бас тартады.

Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібімен туралы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргiзуді қысқартты.

Судья баспасөз конференциясын өткізді

17/05/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы А.Е.Омаров жергілікті «Есік Жаршысы» газетінің өкіліне және Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-ның қызметкерлеріне баспасөз  конференциясын өтізді.

А.Е.Омаров  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңымен таныстырды. Сондай –ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, күрес жолдарын барынша күшейту туралы заңдарын түсіндіруге тоқталып  өтті.

БАҚ өкілінің сұрақтарына заңның нормаларына сәйкес жауаптар берілді. 

Біліктілікті арттыру курстарының қорытынды нәтижесін талқылау бойынша семинар

17/05/2016
Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот қызметкерлерінің арасында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында біліктілікті арттыру курстарының қорытынды   нәтижесін талқылау  бойынша  семинар өтті.

Өз баяндамасында кеңсе бас маманы А.Шетиева біліктілікті арттыру курстары барысында сот отырыстарын жүргізу кезінде дыбыс-бейне жазбаларын қолдану туралы зерттеп, іскери сөйлеу мәдениеті және ҚР сот органдарының «Төрелік» Ақпараттық-аналитикалық жүйесінде автоматты түрде істерді бөлу сұрақтарын атап өтті.

Сот дауы медиация тәртібінде реттелген

17/05/2016

Қаратал аудандық соты қарызды өндiру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады. 

Сот отырысында талапкер дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш берген. Келісім бойынша жауапкер талап қоюшыға қарызды өндiру туралы талабынан бас тартады, ал жауапкер 10 күн ішінде 50 000 теңге көлемінде қарызды төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті. Іс бойынша іс жүргiзу қысқартылды.