Архив событий

20/05/2016

Медиатордың қатысуымен татуласты

20/05/2016

Текелі қалалық соты Н-ға және М-ға қатысты бөтеннің мүлкін ұрлады  деген айыппен қылмыстық іс қарады.

Іс материалдары бойынша, сотталушылар алдын ала сөз байласуымен Текелі қаласының «Горняк» саяжай қоғамында, су жинақтау бактың  жанындағы өлшемі 1,5х6 метр металл табақтарды  жасырын ұрлаған. Сөйтіп жәбірленуші Б.-ға жалпы сомасы 119 172 теңге  материалдық залал келтірген.

Сот отырысы барысында, сотталушылар мен жәбірленуші дауды медиация тәртібімен реттеуге тілек білдіріп,  сотқа жазбаша келісім шартын ұсынды.

Түркия азаматтары көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған

20/05/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сотында Түркия Республикасының 50 азаматына қатысты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік  істер қаралды.

Көші-қон полициясы қызметкерлерімен алдын алу іс-шаралары жүргізілген кезде Түркия Республикасының 50 азаматы заңсыз жұмыс жасаумен айналысқаны анықталды. Дәл айтқанда, жол жасау жұмысымен айналысқан. Ал көші-қон карточкасында Қазақстан Республикасының аумағына жеке мақсатпен келгендігі жөнінде көрсеткен.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзды

20/05/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматша  Б-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 200-бабы 1-бөлігі  бойынша  әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай,  азаматша Б.  «Ақ-қу» дүкенінде сатушы болып жұмыс істеп, жиырма бір жасқа дейінгі тұлғаға бір шөлмек сырасын сатқан. Осылайша алкоголь өнімін өткізу жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзды.

Ақсу аудандық сотында Ашық есік күні

20/05/2016

Ақсу аудандық сотында сот ашықтығы, жариялылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ашық есік күні  өткізілді.

Шара барысында Ақсу аудандық сотының судьясы Н.Д.Омарбеков  Қарашілік ауылының тұрғыны Е.Жанболатов қабылдап, жаңа азаматтық процестік кодекстің талаптары бойынша, жеке айыптау ісі туралы сұрақтарына жауап берді.

Алматы облысында алаяқтық жасағаны үшін сот орындаушы сотталды

20/05/2016

Алматы облысы Райымбек ауданында сот орындаушы екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сот орындаушы Р. Жұмақожаев алаяқтық жасағаны үшін бес эпизод бойынша қатысты. Атап айтқанда, Р. Жұмақожаев талапкер пайдасына алимент ретінде есеп шоттарына қаржылай аударым жасаймын деген сылтаумен жәбірленушілерден қаражат алып, өз пайдасына жаратқан.