Архив событий

04/05/2016

Әкімдік ғимаратының алдында аса өрескел қоғамдық тәртіпті бұзу

04/05/2016

Жамбыл аудандық сотында Мынбаев ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, С. Кұрманғалиев ағымдағы жылдың 20 сәуірінде сағат 11 шамасында мас күйінде бола тұра, қоғамдық орында, нақты айтқанда Мынбаев ауылдық округінің әкімшілік ғимаратының алдында бұзақылық оймен М. атты азаматшаны себепсіз ұрған. Өзінің бұзақылық ниетін әрі қарай жалғастырып, әкімшілік ғимаратының  ішіне кіріп, үш есікті сындырған.

Талдықорған мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

04/05/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық  әкімшілік сот төрағасы Н.Е.Қарабаевқа қарама-қарсы қозғалысқа арналған жол белгісін көрмегендіктен жолға шығып кеткен Талдықорған қаласының тұрғыны С.М.Щербаков ҚР ӘҚБтК-тің 596-бабы 3-бөлігі бойынша қандай әкімшілік жаза қолданылатындығы туралы  сұрақтарымен жүгінді.

Сот төрағасы   қойылған әрбір сұраққа заң тұрғысынан жан-жақты жауап берді. 

Ата-ана құқығынан айыру істері бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы сұрақтар

04/05/2016

Мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі №1 сотында судьялар, прокурорлар мен мамандардың қатысуымен «ата-ана құқығынан айыру істері бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы сұрақтар»  тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Талдықорған МАӘС сотындағы семинар

04/05/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот төрағасы Н.Е.Қарабаев  судьялар мен сот қызметкерлері арасында «1 мамыр идеологиялық мәні - Қазақстан халықтарының бірлік күні» тақырыбына  семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында сот төрағасының «Қазақстан - татулық пен бірлік мекені» тақырыбына 28.04.2016ж. «Сапа» газетінде шыққан мақаласы және мерекенің маңызы талқыланды.

Қазақстан Республикаындағы гендерлік теңдік

04/05/2016

         Мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі №1  сотында судьялардың, прокурор мен мамандардың қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Жағатал ауылдық округінде азаматтарды қабылдау

04/05/2016

Алакөл аудандық сот төрағасы Ш.Н.Талданбаев Жағатал ауылдық округінде әкім Б.Х.Бейсенбаевтың қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізді.

Ашық есік күні шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенім деңгейін көтеру, сонымен қатар сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Алакөл аудандық сотының төрағасы азаматтардың қойған барлық сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, сұрақтардың көбісі азаматтық-құқықтық реттеу, діни мәселелер бойынша туындаған дауларды шешу туралы болды.

Ашық есік күні өтті

04/05/2016

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотында ашық есік күні өткізілді. Азаматтарды аудандық сот төрағасы Б.И.Чутанбаев қабылдады.

Ашық есік күні шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенім деңгейін көтеру, сонымен қатар сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Шара барысында төрағаның қабылдауына азаматша А.Пірімқұлова моралдық залал өндіру бойынша сұрақтарымен жүгінді.

Сот төрағасы заңнаманы түсіндіре отырып, толық жауаптар берді.

Судьялар ҰОС ардагерлерін құттықтады

04/05/2016

Алакөл аудандық сотының төрағасы Ш.Н.Талданбаев және судьялары Ұлы Жеңіс  мерекесіне орай, Ұлы Отан Соғысының ардагері 91 –жастағы Нұрғазы Арғыновпен кездесті.

Сот төрағасы Ш.Н.Талданбаев өз кезегінде әскери уақыттың барлық ауыртпалығын көтеріп қана қоймай,  соғыстан кейінгі күйзеліс кезеңінде, көптеген жылдар бойы өз өмірін халқына қызмет етіп, түрлі қызметтер және тергеуші, уақытша ұстау изоляторының айдауыл бастығы болып құқық қорғау саласында қызмет атқарған ардагерге ризашылығын білдірірді.

Ашық есік күні

04/05/2016

Қапшағай қалалық сотының төрағасы  Ж.А.Батыров ашық есік Күнін өткізді.

Шараға Қапшағай қала тұрғындары және «Нұрлы Өлке» газетінің журналисі Айжарық Көптілеуов қатысып, алимент бойынша берешекті өндіріп алу, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, сот қаулысына шағым беру тәртібі туралы сұрақтар қозғалды.

Төраға қойылған сұрақтарға заңнаманы түсіндіре отырып, жауап қайтарды.

Сот кабинеті

04/05/2016

Көксу  аудандық соты мемлекеттік органдарының өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» электрондық сервисін енгізу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.