Архив событий

18/05/2016

Талғар аудандық сотында семинар өтті

18/05/2016

Талғар аудандық соты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заңның жаңа басылымы туралы тақырыбына семинар өткізді.

Іс шараға Талғар аудандық сотының судьялары М.С.Ибрагимов, К.А.Есалинова, Е.Е.Келемсейітов, Д.З.Сейітов, А.Т.Қожанов, І.Мұхадиұлы және  кеңсе меңгерушісі А.А.Қалмақбаев қатысты.

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

18/05/2016

Еңбекшіқазақ аудандық соты талапкер Б-ның жауапкер А-дан жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Талапкер талап арызымен сотқа жүгінгендігін былай деп түсіндірді: жауапкер «Мерседес» маркалы автокөлігімен жолдың қарама қарсы бағыт  жолына шығып, талапкердің «Лексус RX-330» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. ЖКО нәтижесінде «Лексус RX-330» маркалы автокөлікке механикалық зақымдануы келтірілген.  Қалпына келтіріп жөндеу сомасы  1 500 000 теңгені құрайды.

Экономикалық сотында азаматтық іс сот медиацияциясын қолдану жолымен қысқартылды

18/05/2016

Сотқа талапкер Кредиттік Серіктестік  жауапкер Шаруа қожалығынан 10 000 000 тенге  көлеміндегі қарыз соммасын өндіру туралы және төленген мемлекеттік баж салығын өндіру туралы сотқа талап арыз жүгінді.

       Істі қарау барысында екі тарап дауды медиация тәртібімен шешуге келісті. Осыған байланысты жауапкер мен талапкер сот медиация тәртібіне келтіру рәсімі жайлы судьяға өтініш білдіріп, сот өндірісіндегі азаматтық іс ҚР АПК-тың 179 - бабы 4 - тармағына сәйкес және ҚР «Медиация туралы» занының  9 - бабы 3 - тармағына сай қарау туралы өтініш түсірді.

Сот құжаттың тиесілі заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы өтінішті қанағаттандырды

18/05/2016

Текелі қалалық соты К. азаматтың құжаттың тиесілі заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы өтініш туралы арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Арызданушы өзінің еңбек қызметін Талды-Қорған облысы Капал ауданы Ильич атындағы колхозда 1975 жылдан бастаған, бұл жерде оған дұрыс толтырмаған еңбек кітапшасы беріліп, осы кітапшада оның аты дұрыс емес жазылып, сондай-ақ, оның әкесінің аты және туған күні көрсетілмеген.