Алматы облыстық сот төрағасы М.Таймерденов сот ұжымын келе жатқан мейрамдармен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Келе жатқан Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіс мейрамдары қарсаңында Алматы облыстық сот төрағасы М.Таймерденов судьялар корпусы мен сот мамандарын құттықтады.

Мейрамбек Таймерденов сот ұжымына бейбітшілік, бақыт, қуаныш және сәттілік тіледі. «Осындай айтулы күні Сіздерге және барлық жақын – туыстарыңызға ешқашан соғыс кезеңінде түскен қиындықтарды бастан кешірмей, дендеріңіз сау, аспандарыңыз ашық болуын тілеймін», - деп тілек айтты.

Сондай-ақ, шара барысында облыстық сот төрағасы сот жүйесінің ардагерлері Т.Х.Асқарбеков, М.Әділбаев және А.Ж.Қадыровты келе жатқан мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің қолы қойылған ведомстволық награда – «Сот жүйесінің ардагері» медальдарын тапсырды.

Жиынның салтанатты бөлімі естелік сыйлықтар табысталуымен аяқталды.