Жеңіс күніне арналады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Майдангер судья Кәрімжан Ахметұлы Ахметов 1922 жылы Алматы облысы Іле ауданы Талғар қаласында дүниеге келген.  1941-1945 жылғы ҰОС-на қатысқан бірінші топтағы мүгедек.

  1941 жылғы 21 қарашада Кеңес Армиясының қатарына  шақыртылып, 48 атқыштар полктің 100 бригадасында  борышын атқарған. 1942 жылы желтоқсан айында жарақат алып, денсаулығы қалпына келгеннен кейін 19 гвардиялық дивизияда борышын атқаруды жалғастырған. 1943 жылы қазанда Смоленск аясында ауыр жарақат алып, 1944 жылы шілде айында денсаулық жағдайына орай жарамсыз деп танылып, жарақатына байланысты Кеңес Армиясының қатарынан шығарылған.

Ол көптеген ордендар мен медальдармен марапатталған, оның ішінде «Отан соғысының 1 дәрежелі» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, фашистік Германияны жеңген  үшін 20-30 жылдық мерекелік мадақтамаларға және еңбек жолында да көптеген марапаттарға ие болған.

Соғыс біткеннен кейін 1945 жылы қазанда Ақтөбедегі 2 жылдық Заң мектебінде оқып, 1947 жылы шілде айында оқуын сәтті аяқтады. Өз еңбек жолын Ақтөбе облысы  Мартүк ауданында халық соты болып бастады, 1948 жылдың желтоқсанына дейін қызмет атқарған. 1949  жылы Алматы облысына көшіп келіп, Шелек ауданында адвокат қызметін атқара бастады.

Алматы қаласындағы Қазму С.М.Киров атындағы заң факультетін сырттай бөлімін аяқтап, 1968 жылға дейін Алматы облысы Жамбыл ауданында халық сотының төрағасы болып қызмет етті.

1969 жылы Шелек аудандық халық сотының төрағасы болып тағайындалып, 1984 жылға дейін осы қызметте істеді.

К.А.Ахметов өзін әділдік жолына арнап, аудандық соттарда сот төрағасы ретінде қызметтер атқарған.

Өзінің ҰОС-ның мүгедектігіне қарамай облыстық және аудандық қоғам саласында аса белсенді жұмыс атқарып, Шелек аудандық халық депутаттар кеңесінің депутаты болған.

1992 жылы 21 қыркүйекте 70 жасында өмірден өтті.

Соғыс ардагері К.А.Ахметов жөнінде мәліметтер Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының тарихи-өлке тану мұражайының соғыс және еңбек даңқы ардагерлеріне арналған стационарлық портреттік стенд  залынан берілді.